Дәріс 5. Мұрағат құжаттарын есепке алу және сақталуын қаматамасыз
ету
1. Құжаттарды сақтау тәртібі ұғымы (түсінігі).
2. Мұрағат мекемесіне қойылатын талаптар.
3. Жарық тәртібі.
4. Температуралық – ылғалдылық тәртібі.
1. Мұрағаттарда құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету
құжаттарды рационалды орналастыру, олардың қозғалысын, физико –
химиялық жағдайын бақылау, сақтандыру қоры мен пайдалану қорын құру
мақсатында құжаттарды көшіру, бүлінген және бұзылуға ұшыраған
құжаттардың алғашқы әрі сыртқы қасиеттерін алғашқы немесе соған жақын
түрі бойынша қайта қалпына келтіру, олардың жоғалуына тыйым салатын
жағдайлар жасау сияқты іс – шаралар жүйесін қажет етеді.
Құжаттарды сақтау тәртібі:
-
температуралық – ылғалдылық тәртіпті;
-
жарық тәртібін;
-
санитарлық – гигиеналық тәртіпті;
-
күзет тәртібін
сақтауды талап етеді.
Құжаттарды сақтаудың оптималды шарттары:
-
мұрағат мекемесінің құрылысымен, қайта қалпына келтірумен,
жөндеуден өткізумен;
-
мұрағатсақтау қоймаларында өрт сөндіру, күзет, дабыл қағу
құралдарын орнатумен;
-
температуралық – ылғалдылық, жарық, санитарлық – гигиеналық,
күзет тәртіптерінің нормативтік шарттарын құру үшін техникалық құралдарды
қолданумен;
-
құжаттарды сақтаудың және ауыстырудың арнайы құралдарын
қолданумен
қамтамасыз етіледі.
Достарыңызбен бөлісу: