1. Технотрондық мұрағаттар – ғылыми
– техникалық, кино, фото, фоно,
видео құжаттарды сақтайтын мұрағаттар. Технотрондық құжаттарды пайдалану
қағаздағы құжаттарды пайдалануға ұқсас келеді. Жұмыстың ерекшелігі ақпарат
көздерінің ерекшеліктерімен анықталады.
Киноқұжат – киноматографиялық әдіспен құралған суреттеуші немесе
аудиовизуалды құжат.
Фотоқұжат – фотографиялық әдіспен құралған суреттеуші құжат.
Фоноқұжат – кез-келген дауыс жазу жүйесімен бекітілген, дауысты
ақпарат көзі болып табылатын құжат.
Бейнеқұжат – бейне жазбаның кез-келген жүйесімен бекітілген
аудиовизуалды ақпарат көзі болып табылатын құжат.
Ғылыми –
техникалық құжаттама – техникалық зерттемелердің
ғылыми зерттеулердің нәтижесі мен барысын бекітетін ғылыми және
техникалық құжаттар жиынтығын айтамыз, сонымен қатар бұл ұғым олардың
өндіріске еңгізілуінің бағыттары мен әдістерін қамтиды.
Ғылыми – техникалық құжаттарға ғылыми зерттеу, құрылымдық,
технологиялық, жобалық құжатнама, өнертапқыштық және жаңашылдық
құжаттамасы жатады.
Ғылыми – техникалық құжаттаманың көзі болып қағаз табылғандықтан,
дәстүрлі құжатнамамен жұмыс істеуге өте жақын.
2. Басқарушы технотрондық мұрағаттарға кинофотоқұжаттар,
фоноқұжаттар, ғылыми
– техникалық мұрағат жатады.
Басқа мұрағаттарда технотрондық құжаттар арнайы бөлімдерде
сақталады.
Өзінің
функционалдық
арнауы
бойынша
кинофотофонобейнеқұжаттар екі топтан тұрады:
-
қорды құраушының қызметін құжаттау барысында пайда болатын
құжаттардан тұрады;
-
қорды құраушының қызметінің нәтижесінен тұрады;
Сонымен қатар олардың сақталу ережелері сақтауға қойылатын
талаптарға сәйкес ерекшеленеді.
Ғылыми – техникалық құжатнама мұрағатқа түседі де оның
құрастырушысының қорында сақталады.
Егер бұл құжатнама қосақұрушы ұйыммен жасалса, онда ол
басқұрастырушы ұйымның қорына енеді.