Сабақ : Мектеп: Күні : Мұғалім: Серік Е. М. Сынып: 6



бет3/4
Дата04.03.2023
өлшемі183,84 Kb.
#71498
түріСабақ
1   2   3   4
Сабақтың ортасы

Ой шақыру. «Мозайка» әдісі

Қағаз қиындыларынан мозайка құрастырады. Мозайкада С.Торайғыровтың портреті бейнеленеді.
- Суретте кім бейнеленген және бүгінгі сабақ тақырыбымен қандай байланысы бар деп ойлайсыздар? (оқушылардың жауаптары тыңдалып, сабақ тақырыбы, мақсаты, критерийлері хабарланады)


Бейнеролик. «Мен – қазақ: қазақпын деп мақтанамын» атты С.Торайғыровтың шығармашылығына арналған бейнеролик көрсетіледі.
Сұрақтар:
-Бұл бейнероликтен өздеріңе не ала алдыңдар?
-Ақынның қай ақыл сөзі сенің жүрегіңе жетті?
-Бұл бейнероликтен нені түсінуге болады?
-Ақынның айтар ойын түсіне алдыңдар ма?
С.Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығына қысқаша шолу жасалады (ауызша).

Өлеңді өзім мәнерлеп оқып беремін.


Шәкірт ойы
Қараңғы қазақ көгіне,
Өрмелеп шығып, күн болам!
Қараңғылықтың көгіне,
Күн болмағанда, кім болам?
Мұздаған елдің жүрегін,
Жылытуға мен кірермін!
Еңбек, бейнет тарауы
Рақатқа сарқылар.
Қыздырып күннің қарауы
Надандық теңізі тартылар.
Орны отайып көгерер,
Қызығын жайлап ел көрер.
Тұрмыс, тағдыр - бірі де
Бұл мақсаттан бұра алмас;
Қаһарман, Рүстем, Әлі де
Бұрам деп жолда тұра алмас.
Сыланған жардың күлісі,
Алдандырмас бірісі.


«Ойталқы пирамидасы» әдісі
Пирамидада көрсетілген сұрақтарды негізге ала отырып, өлеңнің идеясы арқылы көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені талдаңдар. Әр топ өзара пікір алысыңдар.

Қандай мақсат көзделеді?
Қандай әлеуметтік-қоғамдық мәселені көтеріп тұр?
Қандай пікір тұрғысынан сөйлеп тұр?
Сөйлеп тұрған кім?
Дескриптор:
-Сұрақтарға жауап табады;
-Өлеңдегі көтерілген әлеуметтік - қоғамдық мәселені анықтайды;
-Өз ойларын ортаға салып, пікір алысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет