(Ұ) «Ой қозғау» әдісімен жаңа материалды меңгереді. Оқушылар өз топтарында оқу мақсатына бағытталған ақпарат алуды бастайды. Оқушылар өз ойындағыларын еш күмәнданбай айта береді, идеялар сынға ұшырамау керек. Жинақталған ақпараттарды талқылайды, соңында сынып болып, пікірлерімен бөлісіп, оқу мақсатын айқындайтын сұрақтарға жауап береді және толықтырады.
ҚБ:
(Ө) Тапсырма-1«Шеңберге жиналу уақыты» әдісі арқылы тапсырма орындалады. Оқушылар жеке орындап, 1мин соң шеңберге, яғни топқа жиналып, өз жауап нұсқасын ұсынады.
Шамаларды бірдей өлшем бірлікке келтіріп, қатынасты қысқартуды орындаңыз және қатынасты процентпен өрнектеңіз?
Тапсырманы саралау үшін «Дереккөздер» тәсіліне сүйенемін. «Бағдаршам» әдісімен бағаланады. Дұрыс жауапты тақтадан көрсеткенде, әр топ өз жауабына қарай бағдаршам түстерін көтереді.