Сабақ № Микробиологиялық талдау жүргізу үшін қоректік орталарды, ыдыстарды дайындау және зарарсыздандыру



бет2/3
Дата27.09.2023
өлшемі7,25 Mb.
#110586
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Лаб 3 Микробиология)

Элективті немесе таңдамалы орта 

Элективті немесе таңдамалы орта 

Бұл орта табиғи субстраттардан (топырақ, су, тағамдардан, өсімдік пен жануарлардан) микроорганизмдердің жеке топтарын бөліп алуға арналған.

Оларды микробиологияға С.И.Виноградский енгізді. Элективті деп микроорганизмдердің белгілі бір тобының немесе түрінің өсуіне қажетті құрамы ерекше қоректік орталарды атайды.

 Дифференциалды-диагностикалық орталар

 Дифференциалды-диагностикалық орталар

Бұл орталарды жалпы микробиологияда әр түрлі субстраттардан бөліп алынған бактериялардың физиологиялық-биохимиялық қасиеттерін анықтап, оларды жіктеу үшін пайдаланады.

Ал медициналық және ветеринарлық микробиологияда оларды ауруларды қоздыратын бактерияларды анықтау үшін қолданады. Бұл орталар бактериялардың белгілі бір ферменттерінің, мысалы, каталаза, оксидаза, протеаза, фосфотаза, желатиназа және гемолитикалық ферменттердің бар-жоғын анықтау үшін қажет.


Левин ортасы
Плоскирев ортасы
Гисс қоректік ортасы

Қоректік орта компоненттерінің қысқаша сипаттамасы

Қоректік орта компоненттерінің қысқаша сипаттамасы

  • Агар немесе агар-агар (малай тілінде агар-агар – балдыр) - кейбір қызыл теңіз балдырларынан алынатын полисахаридтер қоспасы; құрамына полисахаридтер енетін, қызыл балдырлардан алынатын өсімдік қоллоиды; Агар-агар кейбір теңіз балдырларын сумен қосып қайнату кезінде пайда болатын экстракт. Судағы пайда болған масса сілікпе тәрізді болады. Жоғарғы сапалы агар-агар ТМД, Жапония және басқа да елдерде қызыл түсті теңіз балдырларынан дайындалады. Құрамына қарай агар-агар өте күрделі органикалық қоспа (70-80% полисахарид) болып табылады. Агар-агар әлсіз сары түсті ұнтақ, пластина және жіп тәрізді болады.
  • Микроағзаларды және бактерияларды өсіру үшін дақылдық орта дайындау үшін қолданылады.

Құрғақ дайын ұнтақты қоректік орталар



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет