Сабақ № Тақырып: Инклюзивті білім берудің халықаралық тәжірбиесі Мазмұны



Дата17.03.2023
өлшемі29,65 Kb.
#75279
түріСабақ
Байланысты:
Семинарлық сабақ


Семинарлық сабақ № 2.
Тақырып: Инклюзивті білім берудің халықаралық тәжірбиесі
Мазмұны:
1.Жаһандық трендтерде инклюзивті білім беру жүйесін қалыптастыру
2.Инклюзивті білім беру саласындағы халықаралық ұйымдардың оң тәжірбиесі
Әдістемелік нұсқау: «Еркін жазу».
1.Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру.
Осы жаһандық мәселеге әлем ғалымдары мынадай анықтама береді: инклюзивтік білім беру дегеніміз - барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат. [1] Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Демек, инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Осы бағыт балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайын қалыптастырады. Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу құқықтары «Қазақстан Республикасының балалардың құқықтары туралы», «Білім беру туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзетуге ықпал ету туралы», «Қазақстан Республикасында кемтарларды әлеуметтік қорғау туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарында, Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген. Инклюзивті білім беру немесе «білім баршаға» бағдарламасы - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаны Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы мақұлдап, БҰҰ-ның Конвециясына 2006 жылдың 13 желтоқсанында енгізілді.
Инклюзивті білім беру дегеніміз – балалардың жынысына, жас ерекшеліктеріне, географиялық тұратын жеріне, қимыл-қозғалыстық және ақыл-есінің жағдайына, әлеуметтік-экономикалық жағдайына қарамастан, сапалы білім алу және өздерінің потенциалдық дамыту мүмкіндігіне ие болу.
Инклюзивті оқыту - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді.
Инклюзивті оқыту - оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс - әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді.
Инклюзивті оқыту - адамдармен қарым - қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.

Инклюзивті оқытудың негізгі принциптері:


1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады.
2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.
3. Әрбір адам қарым - қатынасқа құқылы.
4. Барлық адам бір - біріне қажет.
5. Білім шынайы қарым - қатынас шеңберінде жүзеге асады.
6. Барлық адамдар құрбы - құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.
7. Әрбір оқушы үшін жетістікке жету - өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру.
8. Жан - жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.

Инклюзивті оқыту – барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеретін, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы. Инклюзивті оқыту балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайлары да өзгереді. Инклюзивті оқытуды ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіншілік алады, өйткені олар бір - бірімен қарым - қатынас жасауға, танып білуге, қабылдауға үйренеді.


Инклюзивтік білім беру - барлық балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата - аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу - педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, қоршаған ортаның балаларды жас ерекшеліктеріне және білімдік қажеттіліктеріне бейімделуіне жағдай қалыптастыру, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.
2 XX ғасырдың аяғында көптеген дамыған әлем елдерінде (АҚШ, Ұлыбритания, Швеция, Германия, Скандинавия елдерінде) мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуды дамытуда алдыңғы орында тұрған инклюзивті білім беру болды. Жалпы білім беру үрдісіне енгізілген балаларға оқуды жеңілдететін қосымша арнайы жағдай, көмек, қолдау қарастырылады. Әрбір елде интеграциялаудың өзіндік үлгісі іске асырылуда, бұл білім беруде интеграциялаудың жан-жақты үлгісін құрудың мүмкін еместігін көрсетуде.
Инклюзивті білім беруді іске асырып жатқан елдерде айқындалған басым бағыт жалпы мектептік білім беру саласында қарастырып отырған категориядағы балаларды жалпы білім беру үрдісіне міндетті түрде енгізуді көздейді.
Ресей. 1991 жылдың күзінен бастап Ресейде «Мүмкіндігі шектеулі балаларды интеграциялау» жобасын іске асыру басталды. Нәтижесінде 11 аймақта мүмкіндігі шектеулі балаларды интеграциялап оқытудың экспериментальды алаңдары құрылды. Мүмкіндігі шектеулі балалармен педагогтардың жұмыс істеу мақсатында Ресей Федерациясының білім министрлігі педагогикалық жоғарғы оқу орындарының оқу жоспарына 1996 жылының 1 қыркүйегінен бастап «Арнайы (коррекциялық) педагогиканың негіздері», «Мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиясының негіздері» деген курстарды енгізді. Ресей Федерациясының білім және ғылым министрлінің айтуы бойынша 2008-2009 жылдары инклюзивті білім беру үлгісі экспериментальды түрде көптеген білім беру мекемелеріне енгізілген. Ресейде мүгедек балаларды оқытудың инклюзивті білім беруден басқа да нұсқалалары бар: арнайы мектептер мен интернаттар; коррекциялық мектептер; «Интернат-үйлер»; үйден оқыту; қашықтықтан оқыту.
АҚШ. АҚШ-тың мүмкіндігі балаларды оқытудағы қазіргі саясаты жалпы және арнайы оқытуды біріктіру ұсыныстарынан тұрады. Бұл біріктірулерде 3 негізгі жолдар бар:
- «негізгі бағыт»,
- «жалпы білім инициативасы»,
- «енгізу».
Бұл арнайы білім беру алаңында үлкен дау-дамай тудыруда. «Негізгі бағыт» мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту негізгі мектептерде оқытуды көздейді. Бұл балалар қоғамға араласуы керек болғандықтан, оларды әлеуметтік және білім беру қызметтеріне қосу керек деп есептейді. «Жалпы білім беру инициативасы» - бұл АҚШ-тың білім департаментінің арнайы білім беру бөлімінің ұсынысы. Жалпы білім беру инициативасы – дамуында ауытқуы бар балаларға білім беру шарттарына фундаментальды өзгеріс енгізуді ұсына отырып, «негізгі бағыттан» ары қарай дами түскен. Кейбір дефектологтар мен негізгі мектептің басшылары жалпы білім беру инициативасын мақұлдаса, кейбір дефектологтар мен негізгі мектептің мұғалімдері ауытқуы бар балаларға жалпы білім беру инициативасының әсер ету мүмкіндіктерін түсіну үшін қосымша сынақтар мен зерттеулер қажет дейді. «Енгізу» моделі балаларды ауытқу түріне және көріну деңгейіне тәуелсіз тұрған жері бойынша жалпы білім беру үрдісіне енгізуді көздейді. Осындай балаларға мамандар тобы жеке оқыту бағдарламасын құрады, сол бойынша оқушының жетістігі бағаланады. Қазіргі кезде АҚШ-та 1990 жылы қабылданған, «ауытқулары бар тұлғалар үшін білім беру акты» деп аталатын заң жұмыс істеуде. Бұл халықтық білім беру жүйесінде бала оқуына қажет тегін білім береді. Ата-анасы баласының оқу мүмкіндігі туралы қорытынды талап ете алады, ол бала дамуындағы ауытқуының бар немесе жоқтығына негіздемеден тұрады.
Швеция. Бұл елде ерекше қажеттілікке мұқтаж балалар қарапайым сыныптарға орналастырылған және олар онда қажетті қолдау алуда (сыныпта арнайы педагогтың немесе ассистенттің көмегі және көмекші арнаулы құралдарды қолдану). Есту, көру қабілеттері бұзылған, ойлауында қалушылық бар балалар ауытқулары бойынша бөлінген арнайы мектептерде білім алады, олар мұнда 21-23 жасқа дейін оқи алады. Ойлауы артта қалған балаларға арналған арнайы мектептер жалпы білім беретін мектептердің ғимараттарына сыныптарды біріктіру жолымен орналасқан.
Франция. Франциядағы арнайы білім беру жалпы білім беретін мектептерге дамуында жетпіспеушілігтері бар балалардың санын неғұрлым көбейтуге бағытталған.
Дамуында ауытқулары бар балаларды жалпы білім беру үрдісіне енгізу 4 нұсқада орындалуда:
1. Бала қарапайым мектеп бағдарламасы бойынша оқиды, бірақ мектепте немесе одан тыс уақытта оған қосымша қызмет көрсетіледі: емдеу шаралары, тәрбиелеу жұмыстары т.б. Мысалы, тірек-қимыл қызметі бұзылған бала қарапайым сыныпта оқи отырып, сол мектепте немесе жақында орналасқан бейімдеу орталығына барады.
2. Бала қарапайым мектеп бағдарламасы бойынша оқиды, қосымша күтім алады және қосымша арнайы бағдарлама бойынша оқиды. Мысалы, көруі бұзылған бала қарапайым сыныпта оқи отырып, сабақ дайындауға көмек ретінде мұғалімнен қосымша сабақ алады, кеңістікте бағдарлау бойынша сабақтарға қатысады.
3. Бала мектептегі негізгі уақытта арнайы сыныпта, арнайы бағдарлама бойынша оқиды (әдетте психикалық дамуында кешігушілік бар балалар). Уақытының басқа бөлігінде қарапайым бағдарлама бойынша өз жасындағы балалармен дайындалады.
4. Бала тек арнайы бағдарлама бойынша арнайы сыныпқа барады (әдетте ойлау қабілеті бұзылған балалар). Соған қарамастан ол мектеп өміріне қатысады: біріккен таңғы ас, тәрбие шараларына бірігіп қатысу, спорттық және басқа да іс-шараларға қатысу.
Италия. Өткен ғасырдың 70 жылдарынан бастап арнайы мектептердің арнайы сыныптары оқушыларының үлкен бөлігі жалпы білім беру жүйесіне енгізіле бастады. Бүгінгі күні арнайы қажеттілігі бар балалардың 99 пайызы жалпы білім беретін мектептерде оқиды. Қарапайым сыныпта қолдаушы мұғалімнен арнайы көмек алу үшін дамуында ауытқуы бар бала ретінде тіркелуі керек. Тіркеу тек ата- анасының келісімімен және тек 1 жылға жасалады, мерзім біткеннен кейін арнайы көмекті ұзарту немесе бас тарту туралы шешім шығарылады. Бірақ, Италиядағы арнайы қажеттілігі бар оқушыларды жалпы білім беру ортасына енгізуді дамыту бірнеше мәселелерді шешуді қажет етеді. Көптеген мұғалімдер интеграцияны жоққа шығармайды, тек сынып өміріне енгізуде бірнеше қиындықтар кездесуде. Олар дамуында ауытқуы бар балаларды оқытуда жауапкершілікті қолдаушы мұғалімге артуды ұсынады.
Италиядағы білім берудегі интеграциялау қиындықтары бірнеше себептерге байланысты. Интеграциялау үрдісі аймақтың қажеттіліктеріне зерттеу
жұмыстарынсыз, қажетті мамандар бар-жоқтығы анықталмастан басталды. Жалпы білім беретін мұғалімдерді оқыту шектеулі ғана болды. 1 ай ішінде арнайы сабақтар ұтымды нәтижелер бермеді, көптеген мұғалімдер тіптен оқытылмады. Қолдаушы мұғалімдер мен сынып мұғалімдерінің бірлесуі қиындықтар туғызды.
Үлкен қиындықтарды ойлау қабілетінің дамуында ауытқуы бар балалардың жалпы білім беру үрдісіне енгізілуінен туындады. Көптеген мамандар мұндай балаларға арнаулы сыныптар ашу керек деп санайды. Алайда, бұл ұсыныс Италияда қаралмай отыр, ол тағы да өзін «төмендету» ретінде көрсеткен арнайы білім беру жүйесін құруға әкеледі деп қауіптенеді.
Италиядағы интеграциялауды кең тұрғыда қарағанда бұл мәселеде мақсатқа жетті деп есептеуге болады. Бірақ, бұл сұрақ бойынша жүйелі орталықтанған өңделген көрсеткіштердің жеткіліксіздігінен білім берудегі интеграциялау үрдісінің нәтижелері жөнінде өте аз белгілі.
Бұл тәжірибелерден көретініміз шет елдерде инклюзивті білім беру мәселесі біздің елге қарағанда едәуір жолға қойылған. Бұл елдерде инклюзивті білім беру XX ғасырдың 70 жылдарынан басталған, ал біздің елде екінші мыңжылдықтың басында ғана қолға алына бастады. Европа елерін алатын болсақ, инклюзивті білім беру көптеген мәселелерді шешкен. Бұл елдерде мүгедек балаларға жалпы білім беретін мектептерде қосымша көмек жолдары ұсынылған.
Әдістемелік нұсқау: «Еркін жазу».
«Еркін жазу»
Бұл әдіс «ой толғаныс» кезеңінде пайдалануға лайықты да тиімді. Мұғалім сабақ барысында қарастырылған жаңа ақпарат жайында, одан алған әсері, не үйренгені, нені әлі де біле түсу керек екені т.б. туралы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады. Жазуға уақыт береді. Уақыт аяқталған кезде, оқушылар өз жазғандарымен топ мүшелерін таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымда оқуға болады.
Оқушылардың алған білімдерін қорытуға, оған сын көзбен қарап, ойын түйіндеуге үйрететін бұл әдісті кез келген сабақта қолдануға болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет