Басы
7 минут
|
Ұйымдастыру сәті
«Бір қадам алға... » әдісі бойынша сұрақтар қою арқылы оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру.
1.Үшбұрыш қабырғаларына қарай неше түрге бөлінеді?
2.Тік бұрышты үшбұрыш тең бүйірлі үшбұрыш болуы мүмкін бе?
3.Үшбұрыштың неше медианасы бар?
4 .Үшбұрыштың периметрі неге тең?
5.Кесіндінің ортасын қалай табамыз?
Үш топқа бөлу:Үш түрлі түсті түрлері беріледі : тең бүйірлі үшбұрыш, тең қабырғалы , үшбұрыш әртүрлі қабырғалы үшбұрыш , таңдаған түрлі түсті үшбұрыштар арқылы үш топқа бөлінеді.
«Ширату жатттығулары » әдісі арқылы оқушылар алдыңғы білімімен бүгінгі сабақты ұштастырып оқу мақсатын ашады. Әр топ өзіне берілген үшбұрыштармен жұмыс жасайды.
Үшбұрыштың қабырғаларының ортасы болатын нүктені тауып, оны қосыңдар.
Үшбұрыштың орта сызығы деп қандай кесіндіні айта аламыз.
Берілген үшбұрыштың қабырғалары мен орта сызығын өлшеп алындар.
Не байқадыңыз?Қандай қасиеті туындайды?
Үшбұрыштың қандай түрі болмасын оның орта сызығы анықтамасы ортақ бола ма?
|
Психологиялық ахуалға берілген тапсырманы
орындайды
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады..
|
|
Слайд, интербелсенді тақта
Үштүрлі түсті үшбұрышты қағаз қиындылары
|