Алгоритмдегеніміз - берілген мәндерді пайдаланып, қажетті нәтижеге жетуді жүзеге асыратын әрекеттердің орындалу тізбегі.
Алгоритм дегеніміз – алғашқы берілген мәліметтерді пайдаланып, қойылған мақсатқа жетуге н/е мәселені шешуге (есеп шығаруға) бағытталған әрекеттердің орындалуын жүзеге асыратын атқарушыға түсінікті және нақты нұсқаулар тізбегі.
Алгоритмді орындаушы –құрастырылған алгоритммен басқарылатын объект н/е субъект.
Алгоритм ұйғарымдары команда деп те аталады. Орындаушы орындауы мүмкін командалар жиынтығы орындаушының командалар жүйесі деп аталады.
Алгоритм қасиеттері: 1. Алгоритм анық, аяқталған әрекеттерден тұратын жеке қадамдарға бөлінуі керек. Орындаушының келесі қадамға өтуі алдыңғысын аяқтағаннан кейін ғана мүмкін болады. Алгоритмнің жеке қадамдардан тұру қасиеті дискреттілігі деп аталады.
2. Алгоритмнің әр ұйғарымы н/е командасы орындаушыға түсінікті болуы тиіс, яғни олар бірмәнді ұғынылып, бір ғана бастапқы деректер бойынша бір ғана нәтижелерге әкелуге тиіс. Алгоритмнің бұл қасиеті анықтығы деп аталады.
3. Алгоритмнің нақтылы бір мәселені ғана емес, бүкіл біртипті мәселелерді шешу мүмкіндіктері бар. Мысалы, квадрат теңдеуді шешу алгоритмі оның түбірін коэффициенттердің кез келген мәндерінде табуға мүмкіндік береді, ал жол жүру ережелері баршаға ортақ. Алгоритмнің бұл қасиеті жалпылығы деп аталады.
4. Нәтижелілігі. Айқын белгіленген әрекеттер тізімінің бәрі бірдей нәтижеге жеткізе бермейді.
Алгоритмнің формалды (қалыпты) әрекет жасап, команданы үйреншікті орындауға мүмкіндік беретін өте маңызды ерекшелігі.
Мысалы:«Жолдан өту», «Қалааралық телефонмен сөйлесу», «Күн тәртібі», «Үй тапсырмасын орындау», «Компьютерде ойнау», «Футбол ойнау», т.б.
Сүт қайнату алгоритмі: Ыдысқа сүт құю;
Ыдысты плитаға қою;
Сіріңкені жағу;
Сіріңкені от жанатын жерге апару;
Газ кранын ашу;
Сүт қайнағанша күту;
Газды өшіру.