Алгоритмдік тіл – алгоритмдерді бірыңғай, анық жазуға және оларды орындауға арналған белгілеулер мен ережелер жүйесі. Алгоритмдік тілдің өзінің сөздігі болады. Оның негізін осы тілдің командалары болатын сөздер құрайды. Алгоритмдік тілде мағынасы мен қолдану әдісі өзгермейтңн сөздер пайдаланылады. Олар қызметші сөздер деп аталады.
Алгоритмнің жалпы көрінісі:
алг алгоритмнің аты
басы алгортим командалары (серия)
соңы
Бірінен кейін бірі орындалатын бірнеше командалардың тізбегі серия деп аталады. Шамаларға қатысты әрекеттерді белгілеу үшін «:=» командасы пайдаланылады. С:=А+В
«:=» белгісінің көмегімен жазылған алгоритм командасы меншіктеу командасы деп, ал «:=» белгісі меншіктеу деп аталады.
2-тәсіл алг ЕСЕПТЕУ басы R1:=A·X
R2:=R1-B
R3:=C·X
R4:=R3+D
Y:=R2·R4
соңы Жаңа тақырыты бекіту. 1. Алгоритм дегеніміз не? Мысал келтір.
2. Алгоритм командасы д/з не?
3. Алгоритмнің қандай қасиеттері болуы керек?
4. Алгоритмнің формалды атқарылуы дегенді қалай түсінесіңдер?
5. Алгоритмдердің жасалу құрылымы бойынша типтерін атаңдар?
(I) Жоба бойынша жұмыс
Оқушылар жеке меншік жобаларды дайындау кезінде құрылтак шарттарды қолданады.