Сабақ 2 Тақырып: «Күнделікті өмірде жиі қолданылатын құжаттар. Жұмысқа орналасуға қажетті құжат түрлері. Кәсіби мәтін №14»


Сөздер мен сөз тіркестерін жаттап алыңыз!



бет6/7
Дата10.11.2022
өлшемі37,52 Kb.
#49215
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
2 практ

Сөздер мен сөз тіркестерін жаттап алыңыз!
реконструкция – жаңғырту, қайта құру
расширение – кеңейту
производительность – өнімділік
уменьшение – азаю
в результате – нәтижесінде
разработка – игеру
переработка – өңдеу
сосредоточено – шоғырланған
месторождение – кеніш
5- тапсырма. Берілген сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыз.
Темір-марганец кеніші, темір кеніштерін игеру, темір кені өнеркәсібі өнімдерінің ішкі тұтынушылары, Лисоковский тау-кен байыту комбинатының өнімділігін арттыру, республикадағы темір кенінің қоры, магнетитті және гематитті кендер.
6-тапсырма. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыз.
Қазақстандағы темір кенінің қоры 16,6 млрд. тоннаға бағаланады, ол әлемдік қордың 8% жуығын құрайды. Оның ішінде 8800 млн. тоннасы зерттелген, пайдалануға дайын. Темір кенінің 90% жуығы Солтүстік Қазақстанның Торғай облысында шоғырланған, қалған бөлігі Орталық Қазақстанда.
1992 жылы Қазақстан Республикасындағы темір кенін игеру көлемі 23 млн. тоннаны құрады. Алдыңғы жылдары бұл көрсеткіш екі есе көп болды, сонымен бірге жыл сайынғы шекемтас өндірісі 10 млн. тонна, ал концентраттар - 40 млн. Тонна болды.
Өндірілген темір кенінің негізгі бөлігі (65%) республикадан экспортқа, негізінен Ресейге шығарылады. Республиканың темір кен өнеркәсібінің өнімін ішкі тұтынушылар Қарағанды металлургия комбинаты, Ермаков және Ақтөбе ферроқорытпа зауыттары болып табылады.
Темір кені кеніштерін игеру ең алдымен Қостанай облысында (Соколово-Сарбай кенөндірістік бірлестігімен игерілетін (Рудный қ., Қостанай облысы) Соколов, Сарбай және Качарс кеніштері,) жүргізіледі. Бұл кеніштердің темір кені едәуір бай болып табылады (темірдің орташа жиынтығы 35-74%).
Лисаков кен-байыту комбинатында (Лисаковск қ., Қостанай облысы) жыл сайын 10,5 млн. тонна кен және 6,1 млн. тонна концентраттар өндірілді. Лисаков кенішінде кен құрамында темір жиынтығының азаюына байланысты комбинаттың концентратына сұраныс азайып отыр. Қарағанды металлургия комбинатын жоғары сапалы магнетитті кенді өңдеуге алмастырып, қайта жаңғырту нәтижесінде Лисаков кен-байыту комбинаты өнімділігінің төмендеуі ықтимал.
Атасу кен балқыту (Атасу қ., Жезқазған облысы) Жезқазған облысының темірмырышты кенішінен бай магнетитті және гематитті кенді өндіреді. Комбинат болашағы негізінен Батыс Қаражал кенішіндегі шахталарды қайта салу мен кеңейтуге байланысты, өйткені бұл оның өнімділігін жылына 6 млн. тонна кен және 3,8 млн. тонна концентраттарға жеткізуге мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет