Сабақ 2 Тақырып: «Күнделікті өмірде жиі қолданылатын құжаттар. Жұмысқа орналасуға қажетті құжат түрлері. Кәсіби мәтін №14»



бет3/7
Дата10.11.2022
өлшемі37,52 Kb.
#49215
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Кәсіби мәтін № 14.
Көліктегі экономика.
ТЕМІР – ЕЖЕЛГІ ЭЛЕМЕНТ
Темір – адам қоғамымен бірге туып, бірге жасалып, адам мүддесіне ұзақ уақыт қызмет етіп келе жатқан тарихи элемент. Ол – адамды алғашқы құрал мен қару-жарақтан бастап, бүгінгі ғарыш кеңістігіне көтерген жасампаз металл.
Темірдің қашан және қай жылы ашылғаны жөнінде нақты дерек жоқ, ол ескіден келе жатқан көненің көзі. Қазіргі әр оқушыға мәлім «феррум» атауы латынның металл деген сөзінен алынған.
Темірдің латынша аты – Ferrum, ол – периодтық жүйенің ҮІІІ тобындағы химиялық элемент, реттік нөмірі – 26, салыстырмалы атомдық массасы – 55,847. Темір – табиғатта алюминийден кейінгі көп таралған металл. Темірдің жер қыртысындағы массалық үлесі -4,65 деп есептеледі. Темірден 300-ге жуық минералдар (оксидтер, сульфидтер, силикаттар, карбонаттар, титанаттар, фосфаттар, т.б.) түзіледі, оның маңызды минералдары: магнетит (магнитті теміртас), гематит (қызыл теміртас). Магнитті теміртас кендері – Оралда, Қазақстанда, Ангар-Илим бассейнінде, қызыл теміртас – Кривой-рогта, Белгородта т.б. жерлерде кездеседі. Темір – жылтыр, күміс түсті, ақ металл. Оның иілгіштігі жоғары, ол соғуға, созуға, тапауға, июге бейім, жақсы өңделеді. Темірдің физикалық қасиеттері тазалығына байланысты. Оның кристалды екі модификациясы бар.
Темірдің балқу температурасы -1 539°С, қайнау температурасы – 3 200°С шамасында, тығыздығы – 7 874 кг/м3. Жылу мен электр тоғын жақсы өткізеді. Темірдің құрғақ ауада 200°С-ден жоғары қыздырғанда, оның бетінде қалыпты температурада коррозиядан қорғайтын жұқа оксид қабаты пайда болып, ылғалды ауада оны тот басады. Силицидтер темір қорытпаларының қаттылығын, жоғары температураға төзімділігін, коррозияға беріктігін арттырып, оның сапасын жақсартады.
Тұздардың судағы ерітінділері гидролиздің әсерінен қышқылдық реакция көрсетеді. Темір негізінен шойын мен болат түрінде өндіріледі. Таза темір өз тұздарын электролиздеу немесе тотықтырып, сутекпен тотықсыздандыру арқылы алынады.
Техникалық темірдің кейбір түрлері мартен пешінде өндіріледі. Қазіргі техника үшін темірдің маңызы аса зор. Ол негізінен құрамы мен қасиеттері әр түрлі қорытпалар түрінде қолданылады. Темір және оның қорытпаларын өндіру жылдан-жылға дамып келеді. Темір барлық өсімдіктер мен жануарлардың, адамның ағзасында болады. Ол жетіспесе, ауруға шалдығады. Медицинада темірдің дәрілік препаратты изотоптары зерттеу кезінде индикатор ретінде қан ауруын анықтауға қолданылады.
А.Мырзабаев «Элементтер – химия негізі» кітабынан
А «Рауан», 1990ж. -79 бет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет