Сабақ 2 Тақырып: «Күнделікті өмірде жиі қолданылатын құжаттар. Жұмысқа орналасуға қажетті құжат түрлері. Кәсіби мәтін №14»


Тапсырма. Өмірбаянда кездесетін тұрақты оралымдарды есте сақтаңыз. Жазыңыз



бет2/7
Дата10.11.2022
өлшемі37,52 Kb.
#49215
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
1. Тапсырма. Өмірбаянда кездесетін тұрақты оралымдарды есте сақтаңыз. Жазыңыз.
Тудым, ұлтым, қазақ орта мектебі, институтында оқыдым, жылдар аралығында, бітірдім, бітіргеннен соң жұмыс істедім, үйленгенмін, әскер қатарында болдым, отбасым бар, жетік білемін, шет елде болдым, тұрмыс құрған, қайтыс болған, жұбайымның мамандығы, жұмыссыз.
2. Тапсырма. Етістіктерді орыс тіліне аударыңыз. Сөз тіркестерін құраңыз.
Қабылдандым, оқыдым, бітірдім, түстім, ауыстым, көшіп келдім, қайтыс болды, болып істедім, жұмыс істейді, жұмыс істеді, жұмыс істеймін, болып істеймін, зейнеткерлікке шықты.
Принят на работу, учился в Атырауском политехническом колледже, закончил профессионально-техническое училище, переехал в г. Атырау, умер в прошлом году, работал помощником бурильщика, работает в школе, работаю на меторождений, работаю бригадиром, нахожусь на пенсии
3. Тапсырма. Төмендегі тапсырмалар бойынша өмірбаян үлгілерін құрастырыңыз.
1. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетіне мамандығыңыз бойынша жұмысқа орналасуыңызға байланысты өз өмірбаяныңызды жазыңыз.

Мен, Хуртин Сергей Николаевич, 1985 жылы 6 маусымда Атырау облысы Атырау қаласында дүниеге келдім. Ұлтым- орыс. 2002 жылы Ш. Уалиханов атындағы орта мектепті бітірдім. 2005 жылы Атырау политехникалық колледжін бұрғылаушы мамандығы бойынша бітіріп шықтым.


2005-20015 жылдар аралығында бұрғылаушы көмекшісі, бұрғылаушы болып жұмыс жасадым. Сонымен бірге Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы “Педагогика және филология” факультетін тәмамдадым. Қазір де БҚАТУ 1- курсында сырттай оқудамын.
Ата-анам бар. Әкем – Хуртин Николай Анатольевич, зейнеткер. Анам – Хуртина Наталья Сергеевна, үй шаруасында.
Жанұялымын: Жұбайым – Хуртина Лилия, мектепте мұғалім.
Бір ұлым бар: Хуртин Александр, 7- сынып оқушысы.
Қосымша мәліметтер: қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік білемін. Ұлттық аспаптарда ойнаймын.
Мекен-жайым: Атырау қаласы, М. Әуезов көшесі, 52/81

2. Әкеңіздің Салық полиция комитетіне бағдарламашы ретінде жұмысқа орналасуына байланысты І жақта өмірбаянын жазыңыз.


Мен, Хуртин Николай Анатольевич, 1955 жылы 12 қаңтарда Атырау облысы Атырау қаласында дүниеге келдім. Ұлтым- орыс. 1972 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін 1972-1975 жылдары Балтика флотында Кеңестер Армиясы қатарында қызмет жасадым. 1975 жылы Атырау педагогикалық институтына оқуға түсіп, 1980 жылы орыс тілі мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп шықтым.


1980-2015 жылдар аралығында мұғалім, әдіскер, оқу бөлімінің меңгерушісі лауазымдарында қызмет жасадым. 2000-2003 жылдары Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін “Есеп және аудит” мамандығы бойынша сырттай оқып шықтым.
Жанұялымын: Жұбайым – Хуртина Наталья Сергеевна, мектепте мұғалім.
Бір ұлым бар: Хуртин Сергей Николаевич, жанұясы бар.
Қосымша мәліметтер: қазақ, орыс тілдерін жетік білемін.
Мекен-жайым: Атырау қаласы, М. Әуезов көшесі, 52/81

3. Өзіңізбен бірге оқитын бір студенттің І жақта өмірбаянын жазыңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет