Балалардың невроздары, оның профилактикасы.
Анықтамасы
Невроздар – арып-жүдеу, ашушаңдық, əлсіздік, психотикалық белгілердің болмауы түрінде эмоционалды – аффективті, сомавегетативті бұзылыстардың басым болуымен көрінетін функционалды нервтік – психикалық аурулардың тобы.
Невроздар эмоционалдық жəне соматовегетативтік бұзылыстардың басым болуымен нервтік жүйенің кері бейпсихотикалық түрінде көрінеді.
Жіктемесі
Невроздар жалпы жəне жүйелік (моносимптомды)
Жалпы:
1. Неврастения – F 48.
2. Үрей неврозы – F 40.2.
3. Истериялық невроз – F 44.82.
4. Депрессивті невроз – F 41.2.
5. Жабысқақ жағдай неврозы- F42:
А) жабысқақ іс-қимыл неврозы – F42.1;
Б) жабысқақ ойлар мен қорқыныш неврозы – F42.0;
В) аралас түрлі жабысқақ жағдайлар неврозы – F42.2.
Жүйелік (аз симптомды):
- невротикалық кекештену;
- тартылулар;
- ұйқының бұзылуы;
- тəбеттің бұзылуы;
- шыжыңдық;
- энкопрез;
- патологиялық əдеттік іс-қимыл.
Қауіп- қатер факторлары:
1. Биологиялық (жүктілік ағымы мен босанудың асқынуы, нервтік-психикалық жəне физикалық күштің шамадан тыс түсуі, жарақаттар, отбасылық келеңсіздік, психожарақаттық қозғыштық, тұлғаның жеке ерекшеліктері, мінезі, темпераменті, баланы тəрбиелеудегі ауытқушылықтар, церебральды органикалық жеткіліксіздік).
2. Психологиялық.
3. Әлеуметтік.
4. Генетикалық бейімділік.
Диагностика критерилері
Шағымдар мен анамнез:
1. Болбырлық, енжарлық, ашушаңдық, эмоциялардың əлсіреуі.
2. Абыржушылықпен бірге қимылдық мазасыздық (астазия, абазия, истериялық соқырлық, истериялық шала салданулар, салдану, құсу, талу, сезімталдықтың бұзылуы, талмалар, ымырттық бұзылыстар).
3. Көңіл ауушылық, зейіннің əлсіреуі, көңіл-күйдің төмендеуі.
4. Күннің аяғында немесе аптаның аяғында шаршағандықтың күшеюі.
5. Негізсіз үрейленулер (қараңғылық, жалғыздық, мал-жануарлар, жабық жайлар, мектеп, ауру).
6. Жабысқақ қимылдар, əуестік, ойлар, қайта-қайта бет-аузын қисайту мен қимылдар, тартылулар.
7. Кекештену.
8. Шыжыңдық.
9. Энкопрез.
10. Ұйқының, тəбеттің бұзылуы.
11. «Жағымсыз əдеттер».
Достарыңызбен бөлісу: |