Оқушылардың назарын сабаққа
аудару. ) Ұйымдастыру кезеңі.
2) Оқушыларды екі топқа бөліп, топ кеңесшісін белгілеу.
бөлгіші бар.
«Қайталау – оқу айнасы»(«ойыншық лақтыру» әдісі арқылы әр топқа бір сұрақтан беріледі, топ мүшесі сұраққа жауап береді)
Сұрақ жауап
1. Бірмүше дегеніміз не? (Санды және әріпті көбейткіштермен олардың дәрежелерінің көбейтіндісі бірмүше деп аталады.)
2. Ұқсас мүшелер дегеніміз не? (Ортақ әріпті бөлігі бар және бір-бірінен айырмашылығы тек қана коэффициентте болатын бірмүшелер ұқсас бірмүшелер деп аталады)
3. Бірмүшелерге мысалдар келтіріңдер (2ху; а5; 3х2; 3а2х3у; авс)
4. Көпмүше деп нені айтамыз? (Бірнеше бірмүшелердің алгебралық қосындысын көпмүше деп атаймыз)
5. Көпмүшені біріктіру дегеніміз не? (Көпмүшелерді қосу арқылы оның барлық мүшелерін өз таңбаларымен тізбектеп жазып, ұқсас мүшелерді біріктіру)
6. Көпмүшені бірмүшеге көбейту дегеніміз не? (Көпмүшені бірмүшеге көбейту үшін бірмүшені көпмүшенің әрбір мүшесіне көбейтіп, шыққан көбейтінділерді қосу керек)
7. Көпмүшені көпмүшеге көбейту деген не? (Көпмүшені көпмүшеге көбейту үшін бір көпмүшенің әрбір мүшесін екінші көпмүшенің әрбір мүшесіне көбейтіп шыққан көбейтіндіні қосу керек)
8. Көпмүшені бірмүшеге бөлу дегеніміз не? (Көпмүшені бірмүшеге бөлу үшін көпмүшенің әрбір мүшесін берілген бірмүшеге бөліп шыққан нәтижелерді қосу керек)
Мұғалім оқушылармен бірге жаңа сабақтың тақырыбын"Ассосация стратегиясы" бойынша тақырыпты анықтайды ,
Топтарға жаңа тақырып бойынша тапсырмалар тарату, тапсырма төңірегінде топпен жұмыс жүргізу
көпмүшені көбейткіштерге жіктеу деп атайды.
Көпмүшені көбейткіштерге жіктеудің 2 тәсілі бар. Олар топтау тәсілі, ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару.
Мысалдар:
1. 2xy-3xz+px=x(2y-3z+p)
2. 12a-24b=12(a-2b)
3. 5mn2+4np=n(5mn+4p)
4. 10ab+5b-30bc=5b(2a+1-6c)
5. x(a-5)+(5-a)-a(5-a)=x(a-5)-(a-5)+a(a-5)=(a-5)(x-1+a)
6. 1) x2-2x=0
x(x-2)=0
x=0, x-2=0
x=2
Топтық жұмыс
Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу тақырыбының үш тәсіліне деңгейлік тапсырма.
I.ортақ көбейткішті жақша сыртына шығар: 18ав 2 -2ав
8n+12m
II. Көбейткішке жікте: ах+вх-ау-ву+аz+bz
а5+а3-а2-1
III. Көпмүшені көбеткішке жікте: а 2 -9а+20
1. Көпмүше дегеніміз не?
2. Көпмүшенің мүшелері дегеніміз не?
3. Көпмүшелерді қалай қосамыз?
4. Бірмүшені көпмүшеге қалай қосамыз?
5. Бір көпмүшеден екінші көпмүшені азайту дегеніміз не?
6. Қөпмүшені көпмүшеге көбейту дегеніміз не?
7. Көпмүшені бірмүшеге бөлу дегеніміз не?
8. Көпмүшені көбейткіштерге қалай жіктейміз?
Сабақты қортындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады.Оқушылар сабақ барысында нені білгенін, қалай жұмыс істегенін ,не қызықты әрі жеңіл болғанын, не киындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.