Сабақ: №49 мектеп: «№7 орта мектеп» мкм күні


Жазылым бойынша ұсыныстар



бет3/8
Дата22.05.2023
өлшемі155,96 Kb.
#95913
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Жазылым бойынша ұсыныстар:

1. Кейіпкерге хат жазу.
2. Қазағым , басыңнан қандай қасірет өтпеген! (ойтолғау жазу) .
3. «Голошекинге бір ауыз сөз» эссе жазу.

Алдыңғы оқу
Білу



Өздері ізденіп, ашаршылық туралы қосымша мәліметтер тауып келу.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелер жазыңыз)

Бағалау

Ресурстар

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының
іс-әрекеті







Сабақтың басталуы
Ұйымдастыру:
3минут

Оқушылардың назарын сабаққа аударып, үй тапсырмасын сұрау
Шығармашылық тапсырма «Ізденіс жұмысы»

Шығарманың тарихи шындығы


І топ 1932 жылғы ашаршылық


ІІ топ Ш.Мұртаза «Бесеудің хаты» драмасы
ІІІ топ Ашаршылыққа араша түскен қазақтың бес асыл азаматы

Бақылау


Хетти 2009,
Еллиот 1991, Джон Б.Уотсон, Эдвард Л.Торндайк, Мишра, Кёлер2006, Александер-2001

Сабақтың ортасы
4минут
Түсіну
6 минут


Талдау
7 минут

Тақырыпты ашу
І топ Пролог
Кремль. Сталиннің кабинеті. Сталин мен Рысқұлов
ІІ топ Екнші сурет
(Ғ.Мүсіреповтың үйі)


ІІІ топ
Он үшінші сурет
Бюро. Түрегеп тұрған бесеу: Мүсірепов, Ғаттауллин, Алтынбеков, Қуанышев, Дәулетқалиев.(195-196 бет)

Шерхан Мұразаның «Бесеудің хаты» екі бөлімді тарихи драмадан үзіндіні Қатысушылар:
1.Ғабит Мүсірепов – жазушы
2. Голощекин– Крайкомның І секретары
3. Сталин– Генсек (бас секторы)
4.Құрамысов – Крайкомның ІІ секретары
5. Иванов – Бюро мүшесі
6. Елеусіз – Бюро мүшесі
7.Жантоқов – Бюро мүшесі
8. Нұрхан – ақын
9. Күләнда – елдегі қыз
10. Т. Рысқұлов – Совнарком председателінің орынбасары
11.Хұсни-Мүсіреповтың әйелі



Бақылау

От шашу

Бағалау парағын
Толтыру
1 балдық жүйе


https://e.edu.kz/ru/
e-Learning
Кітапханасы

Сабақтың аяқталуы
Жинақтау/қолдану баға беру
20 минут

Ойтолғаныс
І топ. Кейіпкерге хат жазу.
ІІ топ. Қазағым , басыңнан қандай қасірет өтпеген! (ойтолғау жазу)
ІІІ топ. «Голошекинге бір ауыз сөз» эссе жазу.



Порталдан тест орындайды

Табыс критерийі

https://e.edu.kz/ru/
e-Learning
Кітапханасы

Кері байланыс
5 минут



  • Қалай ойлайсыздар, бұл қасіретке қазақ халқы қалай ұшырады? Кім кінәлі?

  • Осы қасіреттен қазақ халқы қандай зардап шекті?

  • Драманы оқу барысында қандай сезімде болдыңыз?

  • Шығарманы оқу барысында қандай тәрбие алдыңыз?

Осы аштықтан қазақ халқын кім құтқарды?
Бүгінгі сабақтың бағасы қандай?

Кейінгі тапсырмалар



«Мың өліп, мың тірілген ,қайран елім» эссе жазу



Іле ауданы Өтеген батыр кенті


№7 орта мектеп МКМ

Ашық сабақ


Тақырыбы



Пән мұғалімі Султанбекова Ш

2015-2016 оқу жылы


ІІІ топ
Тарих толқынында туған халқымыздың көрмеген азабы мен қасіреті кемде-кем. Солардың бірі өткен ғасырдың 30-шы жылдарында қазақ халқының туған Отанында тұрып, жаппай ашаршылыққа ұшырауы еді.


Ұжымдастыру ұранымен жүргізілген қызыл коммунистердің сойқан жүгенсіз әрекеттерінен болған алапат оқиға-тын ол. Бұл жәйт көркем әдебиетте өшпестей болып таңбаланып қалған. Солардың бірі жазушы, публицист Шерхан Мұртазаның «Бесеудің хаты» деп аталатын драмалық пьесасы. Сонда ашаршылыққа араша түскен Алаштың бес асыл азаматтары кімдер еді? Енді осыларды тарқатып айтып көрейік. Бірінші Ғабит Мүсірепов – шаруаның баласы, кейін аса көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Социалистік Еңбек Ері, академик жазушы, қазақ әдебиетінің классигі. Мұташ Дәулетқалиев Оралдағы Басқұншақ тұз өнеркәсібі жұмысшысының баласы. Мәскеудегі Плеханов атындағы университетте оқыған, СОКП Орталық Комитетінің хатшысы болған Сусловпен бірге оқыған азамат. Үшінші Расул Ғатаулин – Қарағанды шахтерінің баласы, кейін Қарқаралы губерниялық комитетінің екінші хатшысы, Алматыдағы кадрлар мектебінің директоры болған абзал жан.
Төртінші Қ.Қойшыбаев – Қарағанды жұмысшысының баласы. Бесінші – Е.Алтынбеков мұғалімнің перзенті. Осы бесеудің бәрі де Орынбор рабфагында оқыған азаматтар.
«Бесеудің хаты» біздің үйде 1932 жылы 4 желтоқсанда жазылды», деп еске алатын Мұташ Дәулетқалиевтің зайыбы Азғар Нұриденқызы Дәулетқалиева. Азғар апай 80 жастан асқан шағында дүниеден озған. Осы әңгімені жеткізгені үшін алғысымызды білдіріп, жатқан жері жайлы болсын демекпіз.
Бұл бесеуге кейін сталинизм жендеттері зорлық-зомбылық көрсетіп, әңгіртаяқ ойнатты. «Халық жауы» деген жалған жаламен соттап жер аударды. Мысалы, Мұташ Дәулетқалиев Семейдегі абақтыға қамалды. Күйеуін іздеп барған Азғар Нұриденқызы екі баласымен жұмыстан шығарылды.
Туған халқын, оның болашағын қорғап, бас бостандығынан айырылған азаматтардың рухы мәңгі жасай берсін. Олардың өмір тарихы туралы толық деректерді зерттеушілер, зиялы азаматтар жазып, толықтыра жатар деген үмітпен осы әңгімемді аяқтаймын.
«Бесеудің хаты»
 
1932 жылы 4 шiлдеде БК (б) П Қазақ өлкелiк комитетiнiң бiрiншi хатшысы Ф.И.Голощекинге бiр хат келiп түседi. Қазақстан ауыл шаруашылығының астаң-кестеңiн шығарып, қорасында «ашатұяқ қалмаған» қарапайым халықтың қырылғанына қарап ләззаттанып отырған басшы хатты ашып қалғанда-ақ өрт сөндiргендей түнерiп кетедi. Хаттың қысқаша мазмұны мынадай едi:
Ф. Ордер
Шындықты бұрмалап, жоғары жаққа «Кеңестер елiнде бәрi керемет!» деп есеп берiп келген Өлкелiк комитеттiң төбесiнен жай түсiрген бұл хатты жазған бесеу кiм едi? Тарихшы не болмаса өздiгiнен iзденетiн аз ғана топ болмаса, барша бұқара бүгiнде «Бесеудiң хатын» да, оны жазған бесеудi де ұмыт қалдырғандай. Тiптi қазақ тарихында сондай бiр оқиғаның болғанын да, оның трагедиялық ақырын бiлмейтiндер де бар. Шыны керек, хабары бар деген өзiмiздiң де бiр Ғабеңнен басқасының атын бiлгенiмiз болмаса, затын түстеп бере алмаймыз. Ал ақиқатында бес том кiтап жазуға лайық «бесеу» мiне мыналар:
 
1. Кеше ғана бiр қойдың етiн бiр-ақ асып жеп, қымызды сабасымен iшетiн халықтың ендi бүгiн бiр уыс бидайға зар болып, аштықтан қырылып жатқанына бейжай қарай алмаған жазушы Ғабит МҮСIРЕПОВ басында Мұташ Дәулетқалиевке ғана осыны қолға алу керектiгiн айтып, сыр бөлiссе керек. Содан екеуi түнделетiп бiрде Мұтағаңның, бiресе Ғабеңнiң үйiнде бас қосып, тiптi жарларына да тiс жармай, құпия түрде хат мәтiнiн әзiрлеуге кiрiседi. Хат дайын болғанда, қатарларына тағы Мансұр Ғатаулин, Емберген Алтынбеков пен Қадыр Қуанышевтар қосылады. Сонымен, бесеудiң басын қосқан – жазушы Ғабит Мүсiрепов.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет