Толықбаева Құралай Төлеуқанқызы - қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
САБАҚ: 6 бөлім
Қазақ әдебиеті
|
Мектеп: ШҚО ББ Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «№1 Предгорное орта мектебі» КММ
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні: Толықбаева Құралай Төлеуқанқызы
|
СЫНЫП: 5
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақ тақырыбы:
|
Қиял әлемі
|
Қиялдан туған фильмдер
|
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)
|
Ж1: Берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құру.
Ж3: Сюжетті суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша әңгіме құрастыру.
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар: Сұрақтарға жауап бере отырып мәтін мазмұнын түсінеді, берілген суреттерді байланыстырып айта алады.
|
Оқушылардың басым бөлігі: Сюжетті суретердің желісі бойынша құрылымын сақтай отырып жоспар құрады.
|
Кейбір оқушылар: Қиялдан туған фильмдерден берілген үзінділерге қатысты өз пікірін тұжырымдап әңгіме жазады.
|
Тілдік мақсат
|
Оқушылар: Сұрақтардың дұрыс жауабын таба (істей) алады. Мәтінмен жұмыс жасайды, негізгі және қосымша ақпараттарды анықтап, өмірмен байланыстырады.
|
Негізгі сөздер мен тіркестер: қиял, арман.
|
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
|
Талқылауға арналған тақырыптар:
|
Сіз неліктен .... екенін айта аласыз ба?
|
Жазу үшін ойға салу:
|
Алдыңғы оқу
|
Қиял ғажайып ертегілер
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)
|
Ресурстар
|
Басталуы
7 минут
|
Ұйымдастыру.
Топқа бөлу: «суретті құрастыр»
Психологиялық ахуал «Қиял, арман, тілек»
Ой шақыру сұрақтары:
Бейнефильм не туралы?
Қай жерге баруды армандайсыңдар?
Бұл фильмді не үшін тамашаладық деп ойлайсыңдар?
|
Сурет қиықтары
АКТ
|
Ортасы
35 минут
|
1 - тапсырма: «Кинометафара» әдісі.
Мақсаты: мәтінді тыңдап, мазмұнымен танысу.
1 топ. Бейнежазбаны мұқият тыңдап, тірек сөздерді жазыңыздар.
Дескриптор:
Бейнежазбаны көре отырып, тірек сөздерді жаза алады.
2 топ. Бейнежазбалар бойынша дереккөздерін жинап сұрақтар дайындаңыздар.
Дескриптор:
Бейнежазба желісі бойынша сұрақтар дайындай алады.
3 топ. Бейнежазбадағы ерекше жаңалықтарды айтыңыздар.
Дескриптор:
Бейнежазбадан ерекше жаңалықтарды таба алады, талдау жасайды..
ҚБ «Бас бармақ әдісі»
Бәрі түсінікті– бас бармақ жоғары,
Толық түсінбедік- бас бармақ ортада,
Мүлдем түсінбедік – бас бармақ төмен қарайды.
2 - тапсырма: «Стоп кадр» әдісі.
Мақсаты: Мультфильм кадрларын тоқтатып көру арқылы ары қарай не болатынын болжап, болжамдарын тұжырымдап, қарапайым жоспар құру.
Дескриптор:
Мультфильмнің үзіндісін көріп, тірек сөздер таба алады.
Қарапайым жоспар құра алады
Құрылымын сақтай отырып жоспарын ашып айтып береді.
ҚБ. «Екі жұлдыз,бір тілек»
Топтар бір-біріне екі жақсы жақтарын және бір ұсынысын айтады
3 - тапсырма.
«Оқиға тауы» әдісі.
Сюжет суретінің желісі бойынша әңгіме құрастырыңыз. «Өз қиялыңдағы әңгіме» тақырыбында өз пікірлеріңізді тұжырымдап жазыңыздар.
|