Оқушылардың назарын сабаққа
аудару. ) Ұйымдастыру кезеңі.
2) Оқушыларды екі топқа бөліп, топ кеңесшісін белгілеу.
бөлгіші бар.
«Қайталау – оқу айнасы» («ойыншық лақтыру» әдісі арқылы әр топқа бір сұрақтан беріледі, топ мүшесі сұраққа жауап береді)
Сұрақ жауап
1. Бірмүше дегеніміз не? (Санды және әріпті көбейткіштермен олардың дәрежелерінің көбейтіндісі бірмүше деп аталады.)
2. Ұқсас мүшелер дегеніміз не? (Ортақ әріпті бөлігі бар және бір-бірінен айырмашылығы тек қана коэффициентте болатын бірмүшелер ұқсас бірмүшелер деп аталады)
3. Бірмүшелерге мысалдар келтіріңдер (2ху; а5; 3х2; 3а2х3у; авс)
4. Көпмүше деп нені айтамыз? (Бірнеше бірмүшелердің алгебралық қосындысын көпмүше деп атаймыз)
5. Көпмүшені біріктіру дегеніміз не? (Көпмүшелерді қосу арқылы оның барлық мүшелерін өз таңбаларымен тізбектеп жазып, ұқсас мүшелерді біріктіру)
6. Көпмүшені бірмүшеге көбейту дегеніміз не? (Көпмүшені бірмүшеге көбейту үшін бірмүшені көпмүшенің әрбір мүшесіне көбейтіп, шыққан көбейтінділерді қосу керек)
7. Көпмүшені көпмүшеге көбейту деген не? (Көпмүшені көпмүшеге көбейту үшін бір көпмүшенің әрбір мүшесін екінші көпмүшенің әрбір мүшесіне көбейтіп шыққан көбейтіндіні қосу керек)
8. Көпмүшені бірмүшеге бөлу дегеніміз не? (Көпмүшені бірмүшеге бөлу үшін көпмүшенің әрбір мүшесін берілген бірмүшеге бөліп шыққан нәтижелерді қосу керек)
|