Сабақ. Қазақ тілі мемлекеттік тіл 1-тапсырма. Мәтіндерді мәнерлеп оқып, орыс тіліне аударыңыз



Pdf көрінісі
бет9/21
Дата14.03.2023
өлшемі0,55 Mb.
#74106
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21
төлеп тұрамын.
13-сабақ. Экономикалық актив сөздермен жұмыс
1-тапсырма. Алдағы сабақтарда жиі кездесетін сөздер 
мен терминдерді есте сақтаңыз 
бюджет 
бюджет мерзімі
мемлекеттік бюджет 
бюджет тапшылығы
тұтыну бюджеті 
бюджет шығысы 
бюджет кірісі 
бюджет жылы 
бюджеттік жоспарлау 


35 
бюджет шығысы 
бюджеттік мәселелер 
салық 
салық түрлері 
салық төлеуші 
табыс салығы 
қосарланған салық 
жергілікті салық 
салық принципі 
салық заңдары 
салық міндеттері 
салық агенті
жер салығы
нарық
раықтық экономика
нарықтық ақпарат 
нарықтық қатынастар 
нарықтық құн 
нарықтық инфрақұрылым
нарық қорлары 
нарық тепе-теңдігі 
тауар 
тауартану 
тауар белгісі 
тауар айналысы 
тауар қозғалысы 
тауар саясаты 
тауарларды өткізу
баға
тұтыну бағасы 
анықтамалық баға 
көтерме сауда бағасы 
фактуралық баға 
өндіріс бағасы 
баға маркетингі 
бөлшек сауда бағасы 
монополиялық баға
экономика 
экономикалық саясат 
экономикалық заңдар 
экономикалық ынталандыру 
экономикалық дағдарыс 
басқарудың экономикалық әдістері
2- тапсырма. Мына мәтінді орыс тіліне аударыңыз 
 
Тауардың 
екі 
қасиеті 
бар: 
тұтынамыз, 
айырбастаймыз. Тауардың тұтыну құны және айырбас 
құны болады. 
Тауартану – тауардың тұтыну құнын, сапасын 
зерттейтін пән. Өндіріс процесін қайтадан бастау үшін 
тауарды ақшаға айналдыру қажет. Сауданың түріне қарай 


36 
бөлшек және көтерме сауда тауар айналымдары болады.
Тауар демпингі тауарды өткізу құралы болып табылады. 
Егер тауарың сапалы болса, сен ұлттың жалауына
айналасың. Әр ұлттық мемлекет өз аймағының ішінде ұлт 
өкілінің ісін өзгеден жоғары қояды, оның тауарын
шетелдік бұйымдардың ығыстырып кетуінен қорғайды. 
АҚШ пен Жапонияның автокөлік бәсекесін алайық.
Қазақстан неге жат капиталдың күшіне қарсы тұра 
алмайды? Жат капиталдың көздеген мақсаты – өзіне 
тәуелді тұтынушы жаңа аймақ табу.
Отандық өндірушінің тауарын әлемдік деңгейде тек 
сол өзінің халқы ғана құтқара алады: немістер өз 
«Мерседесін» ғана мінеді, кәрістер «Голд старға» ғашық, 
жапондар үшін «Тайота» ұлттық намыстың символы.
3-тапсырма. Мәтінді оқып, мәтінге жақын мазмұндаңыз
 
Өзін мәдениеттімін, білімді әрі іскермін деп 
ойлайтын әрбір азамат экономика мәселесін бес 
саусағындай білуі керек. Жеке адамның, отбасының, бүкіл 
қоғамның 
барлық 
тірлігі 
экономикадан 
тұрады.
Экономика – бұл адам еңбегінің нәтижесін көрсететін 
ұғым. Ел басылары мәдени және экономикалық
интеграция шартына қол қойды. Экономикалық саясатты 
дұрыс жүргізу керек. Экономикалық білім, экономикалық 
сауаттылық өте қажет.
4-тапсырма. Мына сөздермен және сөз тіркестерімен 
сөйлем құраңыз: ақпарат, әлемдік деңгей, бәсеке, бөлшек 
сауда, көтерме сауда, кіріс, қадағалау, тұтыну,
тұтынушы аймақ, экономикалық қажеттілік, шығыс, ұлт 
өкілі.
5-тапсырма. Сөздерді дұрыс айтуға жаттығамыз 


37 
ақы, жалақы, еңбекақы, банк жүйесі, төлем балансы, 
пайда мен шығын балансы, сауда балансы, банк депозиті, 
ерекше экономикалық аймақ, бірлескен кәсіпкерлік, кепілді 
өзара шарт.
14-сабақ. Экономика тілі – қазіргі заманғы қолдану
тілі.
1-тапсырма. Мәтінді орыс тіліне аударыңыз. Мақаладан 
үзінді.
Экономика тілі – қазіргі заманғы қолдану тілі. 
... Әр саланың өкілдері мен мамандық иелерін 
өздеріне қажетті, жиі қолданыстағы лексикасы арқылы 
сөйлетуге бейімдеу керек. Бейімдеуді тілді үйренушінің
мамандығына, қажеттіліктеріне, сұраныстарына қарай 
іріктеген жөн. Мамандық тілінде сөйлей білу қажеттілігін 
оқу орнындарында бастаған жөн. Бұл орайда берілетін 
мәтіндер – негізгі құрал. Осы құрал арқылы сан алуан 
терминдердің 
қазақша 
баламасын 
тіл 
үйренушіге 
меңгертуге болады.
Мысалы: 
Е.А.Бөкетов 
атындағы 
Қарағанды 
мемлекеттік университетінің профессоры Х.М.Нұрмұқанов
«Терминдер төңірегіндегі толғаныс» мақаласында әріптесі 
Б.Қалиевтің бір мақаласында процент терминін 
біреулердің соншама, жүздеуік деп қазақшаласақ дейтін 
ұсыныс жасағанын айта келіп, бұлай айтуды жөн 
көрмейтінін, өз көңіліне өзбек ағайындардың пайызы 
ұнайтынын, «жұрт алғашқы бетте тосырқағанмен, кейін 
үйреніп кетеді» деген болжамын да жария етіп еді. Бұнысы 
шындыққа айналды: процент әлдеқалай естіліп қалатын 
болып, пайыз бел алып кетті.. Демек процент-тен жөнсіз 
безінгеннен гөрі, осылардай жас «шабуылшылардың» 
балама табуға болатындарына балама тауып, аударуға 


38 
болатындарын аударып қолданудың жайын ойластыру 
абзал болар еді» - дейді. 
Қазіргі уақытта экономикалық тілдің өмірімізге 
терең енуіне, көптеген сөздердің өмірде қолданыс табуына, 
өзінің септігін тигізіп отырған теледидарда берілетін «Тіл» 
бағдарламасының еңбегі өте зор. Бұнда аударылатын 
сөздер әр түрлі мамандардың сараптамасынан өтіп, 
қолданысқа жіберіліп жатады. Әсіресе, бұл аударма 
сөздердің қолданысқа жылдам енуіне жағдай жасайды. 
Осындай 
мақсатта 
жүргізілетін 
бағдарламалардың 
ауқымын кеңейтсе нұр үстіне нұр болар еді деп ойлаймыз... 
Шабденова Р.Ш. Мақаладан үзінді. 
Ғылыми-практикалық конференция материалдары.
2-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақ – жауап дайындаңыз. 
3-тапсырма. Экономикалық сөздерді атаңыз, олардың 
мағынасын түсіндіріңіз.
4-тапсырма. Пікірталас тақырыбы бойынша жұмыс 
жасаңыз. 
1) Экономика – біздің тұрмысымыз. 
2) Экономикада да біртұтас идеология керек. 
5-тапсырма. «Экономика тілі – қазіргі заманғы қолдану 
тілі» тақырыбын жалғастырыңыз.
15 – сабақ. Заманына қарай адамы.
1-тапсырма. 
Мәтінді оқыңыз. Сұрақтарға жауап 
жазыңыз.
«Заманына қарай – адамы». Экономиканы білу – 
пайда. Заман өзгеруде. Әр салада істейтін мамандар тек 
тілді ғана меңгеріп қоймай, өзін мәдениеттімін деп санаған 
адам экономиканы жақсы білуі керек. Аристотельдің мына 


39 
бір даналық сөзін еске түсіріңіздер: «Егер әрбір адамы 
экономиканы жақсы білсе, сол мемлекет күшті».
1) Орыс тіліне аударып көріңіз. 
2) Экономика дегеніміз не? Экономикаға қатысты 
сөздер.
3) Экономика біздің өмірімізге қатысты ма? 
4) Экономиканың қандай жолдары бар?
5) Экономика табиғатпен салыстыруға бол ма? 
2-тапсырма. Заманына қарай «Жүзден жүйрік, мыңнан 
тұлпар» болу керек. Нарық экономикасында бәсекелестік 
дегеніміз не?
1) Бәсеке деген не? 
2) Бәсекенің неше жағы бар? 
3) Өркениетті қоғамда бәсеке қандай болу керек? 
4) Әділетті, әділетсіз бәсеке деп қандай бәсекелерді 
айтамыз? 
5) Мемлекетке қандай бәсекелестік тиімді? 
3-тапсырма. Орыс тілінде тегін айтылмайды «Семь раз 
отмерь, один раз отрежь», «Бірігіп пішкен тон келте 
болмас»,- деп. Бюджет. Жанұялық бюджет деген не?
Бюджетке қатысты сөздер тобы білесіз бе?
Бюджет белгілі бір кезеңге жасалып, заң түрінде 
бекітіледі. Бюджет кіріс және шығыс бөлігінің әр түрлі 
құрылымынан тұрады. Қаржының беріктілігі мен 
тұрақтылығы 
мемлекеттік 
бюджеттің 
орындалуына 
байланысты. Бюджеттің шығысынан кірісі көп болуы – 
экономикалық қажеттілік. Тұтыну бюджеті – кіріс пен 
шығысты қадағалау. Жанұялық бюджет – жанұя 
мүшелерінің табысынан құралады. Әр адам бюджетті 


40 
есептей білу керек. Мысалы: Табыс: 50 000 теңге. Негізгі 
шығыстар: тамақ, киім, жол ақшасы, коммуналдық қызмет 
ақшасы т.б.
4-тапсырма.
Христиан билиясында «Дающая рука не оскудеет» - деген 
мақал бар. Қазақ тілінде «Алаған қолым береген» -деген 
бар. Табыс. Табыс қайдан түседі?
1) Табыс деген не? 
2) Пайда деген не? 
3) Қандай табыс болады? 
4) Қандай пайда болады?
5) Табыс пен пайдаға байланысты мақал-мәтелдер 
білесіңдер ме? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет