Сабақ. Қазақ тілі мемлекеттік тіл 1-тапсырма. Мәтіндерді мәнерлеп оқып, орыс тіліне аударыңыз



Pdf көрінісі
бет5/21
Дата14.03.2023
өлшемі0,55 Mb.
#74106
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
байлық дегеніміз не?
1. Тапсырма. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.. 
Қазақстанның жер көлемі 2 756 000 шаршы 
километр. Оның 40 пайызы - өзен, көл, теңіз. Жерінің 50 


21 
пайызын шөл және шөлайт аймақтар алып жатыр. Ал 10 
пайызы таулы жер.
Осы ұлан - байтақ республика жерінің ауа-райы, жер 
бедері, геологиялық құрылысы, өсімдік құрамы, топырағы, 
жануарлары алуан түрлі болып келеді. 
Республика жерінде Д.И.Менделеевтің периодтық 
жүйесіндегі элементердің бәрі де бар.
Қазақстанның батысы Астрахань далалары мен 
Каспий теңізінен басталады. Ал шығысқа қарай Алтай 
тауларына, Қытай шекарасына дейін 3 000 шақырым.
Солтүстік Батыс Сібір ойпатынан басталады. 
Солтүстігі Тянь-Шань тауларынан Орта Азия 
республикаларына дейін 1 900 шақырымға созылып 
жатыр. 
Республиканың 
барлық 
шекарасы 
15 000 
шақырымнан астам. Оның 12 000 шақырымы құрлық, 3 300 
шақырымы Каспий мен Арал теңіздері арқылы өтеді.
көлем – объем 
бедер – рельеф 
топырақ – почвы 
алуан – множество 
шөл –пустыня 
ұлан-байтақ – обширная 
құрлық – суша 
ойпат – низменность
2-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз 
1) Қазақстанның жер көлемі неше шаршы метр? 
2) Қазақстанның жері қандай? 
3) Республика жерінде не бар? 
4) Қазақстанның батысы қайдан басталады? 
5) Шығысы қай елмен шектеседі? 
6) Солтүстігі неден басталады? 
7) Республиканың 
барлық 
шекарасы 
неше 
шақырым? 
8) Оның 
неше 
шақырымы 
құрлық, 
неше 
шақырымы теңіздер арқылы өтеді? 


22 
9) Ол қандай теңіздер? 
3-тапсырма. Өлеңді жаттап алыңыз 
Қазақстан картасы
Ақтөбе - өлке, ақ тарысы – мол ырыс. 
Атырау – мол Қазақстан мұнайы. 
Жамбыл – жайлау, қазыналы, шұрайлы. 
Жезқазған – кен, бұзылмаған қаймағы. 
Көкшетау - көп көгілдір көл аймағы. 
Қарағанды – қара алтынның қоймасы. 
Қостанай – құт, қызыл бидай қамбасы. 
Қызылорда – күрішті Сыр ағасы. 
Орал – көне Ақ Жайықтың жағасы. 
Өскемен - өр шығыста Алтай аясы. 
Павлодар – Кара Ертістің саясы. 
Петропавл – солтүстігім орманды. 
Семей – аңыз, Шыңғыстаудай қорғаны. 
Талдықорған – жер жанаты, көк бағы. 
Ақмола – Арқада астық алқабы. 
Шымкент – ыстық солтүстігім мақталы.
(Е.Өтетілеуов) 
қазыналы, шұрайлы – богат и плодороден 
бұзылмаған қаймағы – нетронутые богатства 
көгілдір көк аймағы –край голубых озер 
қызыл бидай қамбасы – богат красной пшеницей 
күрішті Сыр ағасы – рисовый край Сырдарьи 
солтүстігім орманды – лесистый север 
астық алқабы – хлебный край
4-тапсырма
Көшіріп 
жазып, 
бастауыш 
пен 
баяндауыштың астын сызыңыз.
Бірінші Алматы вокзалынан Абай даңғылына дейін 
созылатын үлкен көше бар. Бұл көше қаланы қақ жарып 
өтеді. Ол – Сәкен Сейфуллин – қазақ әдебиетінің көрнекті 
қайраткері. Дауылпаз ақын әр ұрпақтың есінде қала 
бермек.


23 
Есте сақтайық! Бастауыш пен баяндауыш – сөйлемнің 
тұрлаулы мүшелері
5-тапсырма. «Елімнің байлығын сақтау үшін қаржы қажет 
пе?» тақырыбы бойынша сұхбат құрыңыз. 
8-сабақ. Уақытты бағалай біл
 
1-тапсырма. Сөздер мен сөзтіркестерін орыс тіліне 
аударыңыз 
Уақыт, ақшалай құн, ақшалай уақыт, мың теңге, бір 
тиын, кісілік, уақытты босқа өлтірмеу, даналық, ортақ, 
ақсүйектік, тәулік, жиырма төрт сағат, уақытты бағалай 
білу, тектілер қатары, өзін-өзі қадағалау, еріншектік
іскерлер әлемі, мәртебелі уақыт.
2-тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз 
Уақыт – адам өмірінің ақшалай құны. Адамның
ақшалай уақыты адамның өзіне байланысты. Біреудің бір 
сағаты мың теңге болса, енді біреулердікі бір тиын.
Даналық жасқа байланысты емес. Уақыт –ақсүйектікті 
мойындамайды. Ханға да, қараға да берілетін мерзім – 
тәулігіне жиырма төрт сағат.
Адам уақытты сезінгенде ғана өзін-өзі қадағалап 
отырады. Өзіне –өзі бағыт белгілейді. Дүниедегі ең жаман 
дерт – еріншектікті жеңеді. Өзін нағыз адам етіп тәрбиелеп 
шығады.
Бүгінде іскерлер әлемін басқаратын – ұлы 
мәртебелі уақыт.
3-тапсырма. Өлеңді көшіріп жазып, жаттап алыңыз.
Уақытты тоқтатар шама бар ма? 


24 
Бәрі өтеді: дәуірлер, замандар да. 
Мына жаным ашиды мына өмірді 
Өтпейтіндей көретін адамдарға. 
Өтеді ғой ... 
Өтеді ғой барлығы да. 
Күн арқалап кетеді таңды мына. 
Менің жаным ашиды барлығына 
Таң нұрына, адамның тағдырына
4-тапсырма. 
«Бос 
уақытымды 
қалай 
өткіземін?» 
тақырыбына шығарма жазыңыз.
5-тапсырма. Мына мақал-мәтелдерді жаттап алыңыз.
1. Уақыт – алтыннан қымбат, уақыт – ұлы емші. 
2. Бір жылын ойлаған адам күріш егеді, он жылын 
ойлаған адам ағаш егеді, жүз жылын ойлаған адам 
ұрпақ өсіреді.
9 - сабақ. Ең қымбат та, ең арзан. Уақытты меңгеру 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет