1-жаттығудағы өлеңнің авторы жайлы қысқаша мағлұмат беріледі.
Ұлықбек Оразбайұлы Есдәулет – ақын, журналист. 1954 жылы Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Үлкен Қаратал ауылында дүниеге келген. Ата-анасы мұғалім болған. Ақынның көптеген жыр жинақтары бар.
Өлеңді тыңдау. Өлеңді оқудан бұрын тақыры- бына назар аударту. Бірнеше оқушыдан сәлем сөзін қалай түсінетінін «Ашық микрофон»арқылы сұрау. Өлеңнің соңында берілген сұрақтарға жауап алу.
Үлкендермен қалай амандасасыңдар? Неліктен амандасу түрлері әртүрлі деп ойлайсыңдар?
«Сәлем – сөздің анасы» дегенді естідіңдер ме? Оны қалай түсінесіңдер?
Автор жайлы қысқаша мағлұмат тыңдайды.
1-жаттығу. Өлеңді тыңдайды. Өлеңнің мазмұнын өз сөздерімен әңгімелеуге тырысады.