Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.
Оқушылар оқулықтан №3 тапсырманы орындайды, екі таңбалы/үш таңбалы санды бір таңбалы санға қалдықпен бөлудің жазбаша алгоритмдеріне сәйкес есептейді және өрнекті баған түрінде жазады.
Өздік жұмыс
Оқушылар оқулықтағы №4 тапсырманы орындайды, а) пунктіндегі есепті және ә) пунктіндегі сұрауы өзгертілген есепті шығарады.
Жаңаны қолдану.
Оқушылар №3 тапсырманы жұппен орындайды. Мұғалім әр жұпқа жұмыс түрінен таңдау жасауды ұсынады. Оқушылар екі таңбалы, үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша бөлуді орындайды, екі таңбалы санды, үш таңбалы сандарды қосу мен азайту алгоритміне сай есептеу.
Өткенді қайталау.
Оқушылар оқулықтағы №5 тапсырманы орындайды, есептерге өрнек құрады және оларды шығарады.
Оқушылар оқулықтан №6 тапсырманы орындайды, ә) тапсырма жұппен орындалады, оқушылар жұппен жұмыс түрін өздері таңдайды.Жұппен жұмыс түрін қолдану кезінде «материал элементтерін бөлу», бір оқушы барлық жауапкершілікті өз мойнына алады, ал екінші – бақылайды. «амал бойынша» деген жұппен жұмыс түрін қолдану барысында бірінші оқушы түсіндіреді, екінші оқушы түсіндіреді, бірінші оқушы келісетінін не келіспейтінін айтады.
Оқулықтағы 7 а) тапсырмасында үшбұрыштың ауданын есептеу керек. Оқушылар тікбұрышты үшбұрыштың ауданын есептеуді естеріне түсіреді, есеп шығарады: (4 ⋅ 9) : 2 = 18(см2)
оқулықтағы №7ә) тапсырмада тәжірибелік жұмыс жүргіземіз: тіктөртбұрыш сызамыз, оны қиғаш сызықпен екі тікбұрышты үшбұрышқа бөлеміз, тікбұрыш үшбұрыштың ұзындығы мен енін өлшейді, тікбұрышты үшбұрыштың ауданын есептейді.
|
Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау
Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау
|
ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.
ҚБ: Бағдаршам көздері арқылы бір-бірін бағалау.
|
Оқылым, жазылым тапсырмалары.
|