Өткен тақырыппен жұмыс Мұғалім оқушының білім деңгейіне қарай өздік жұмыс береді.
Оқулықтағы №5тапсырма бойынша оқушылар берілген есептерге өрнектер құрады.
№ 7тапсырма бойынша ойдағы санды табу жолдарын ұсынады.
№6-тапсырма жұптасып орындауға арналған.
«Материалдың элементтерін бөлуді» жұптасып орындау барысында, бірінші оқушы барлық есепті өзі орындайды, ал екінші оқушы оны тексереді. Жұптасып орындау «амалында», бірінші оқушы түсіндіреді, екіншісі оны жазады, бірінші келісе ме, жоқ па. Жұптасып орындауда «бірлесуді» таңдаған оқушылар жұмысқа бірге кіріседі, әрбір амал сайын өз есептерін салыстырып, тексереді, қарама-қайшылық туындаған жағдайда әрқайсысы өз есебінің дұрыстығын дәлелдеп, бір келісімге келуге тырысады.
8-тапсырма зерттеушілік сипатта берілген.
Оқушы 1 сіріңкеге теңдік тура болу үшін қалай ыңғайластыру керек екенін түсіндіреді. (оң бөлігінен 1 сіріңкені солға қарай көшіру).
Өздік жұмыс. Кітапта берілген 4 тапсырмада оқушылар өрнекті жазып, амалдардың орындалу ретін сақтай отырып олардың мәнін табады, барлық есептеуді разрядтан аттап екі/үш таңбалы сандарды бір таңбалы сандарға жазбаша көбейту және бөлу алгоритмдеріне және екі, үш таңбалы сандарды жазбаша қосу, азайту алгоритмдеріне сәйкес орындайды.
Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмала
рын орындау
«Қар кесегі»
Бір оқушы тақырып бойынша бір тұжырым айтады.
ҚБ: Бағдаршам көздері арқылы бір-бірін бағалау.
Оқылым, жазылым тапсырмалары.
Соңы
Жаңа білім мен тәжірибені қолдану
Топтық жұмыс. «Галлерияда ой шарлау» Берілген тақырыпта топтық жұмысы жүргізіліп, әр топтың жұмысы қабырғаға ілінеді де, оқушылар жүріп, аралап, оған әр оқушылар кішкене жапсырма қағазға бағасын беріп, пікірін жазып жабыстырып кетеді. Ең жақсы баға алған топтың жұмысы қаралады.