Сабақ. Балалардың қозғалу тәртібі мен гиподинамиясы



бет4/6
Дата26.12.2023
өлшемі0,63 Mb.
#143645
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Практикалық сабақ

Тірек-қимыл жүйесінің маңызытірек-қимыл жүйесіне (аппаратына) қаңқа мен бұлшықеттер жатады. Бір-бірімен дәнекер ұлпалар (шеміршек пен сүйек) арқылы байланысқан сүйектер қаңқа түзеді. Қаңқа (скелет) ағзаның тірегі, ал оның бұлшықеттері қимыл-қозғалысты қамтамасыз етеді. Тірек-қимыл жүйесі адамның тік жүру қалпын (пішінін) сақтайды (омыртқа жотасы мен жамбас белдеулері). Қаңқа мидан бастап, барлық ішкі мүшелерге қорғаныш қызметін атқарады. Мысалы, ми бір-бірімен берік байланысқан ми сауытын құрайтын сүйектердің ішінде жатады. Жүрек пен өкпені кеуде қуысы сүйектері қорғаса, құрсақ қуысындағы мүшелерді – жамбас белдеулері сүйектері қорғайды. Қаңқаға бұлшықеттер бекінеді.

1-сурет.Адамның қаңқасы:
1– бассүйек; 2 – бұғана; 3– жауырын; 4 – төссүйек; 5 – қабырғалар ; 6 – омыртқалар; 7 – жамбас сүйегі; 8 – тоқпан жілік; 9– шынтақ сүйегі; 10 – кәрі жілік; 11 – білезік, алақан, саусақ сүйектері; 12 – ортан жілік; 13 – тізе тобығы; 14 – асықты жілік; 15– шыбық (садақ) сүйек; 16 – толарсақ сүйектері; 17, 18 – табан, башпай сүйектері
Адам қаңқасының бөлімдері. Адам қаңқасы бір-бірімен өзара буын қалталары арқылы байланысқан жеке сүйектерден тұрады. Қаңқада 200-ден астам сүйектер бар. Ағзада болатын барлық сүйектер пішіні, мөлшері жағынан ұзын сүйектер, қысқа сүйектер, жалпақ сүйектер деп бөлінеді.
Ұзын сүйектерге қол-аяқты құрайтын жіліктер жатады. Ұзын сүйектердің жілік майы толтырып тұратын ортаңғы бөлігі қуыс болғандықтан түтікті сүйектер деп те атайды.
Қысқа сүйектерге – омыртқа, алақан, табан, саусақ сүйектері жатады.
Жалпақ сүйектердің ұзындығы мен ені әр түрлі. Жауырын, бас сүйектері, қабырға, төс, жамбас сүйектері – жалпақ сүйектер.
Қаңқа – тұлға, бас сүйегі, иық белдеулері мен қол сүйектері және жамбас белдеулері мен аяқ сүйектері деп бөлінеді.
Тұлға қаңқасы – омыртқа жотасы мен қабырғалар және төс сүйегінен тұрады.
Омыртқаның құрылысы – әр омыртқаның денесі мен доғасы болады. Омыртқа доғасында көптеген қанаттары (бір арқа, екі бүйір, екі үстіңгі және екі астыңғы буындық) бар. Омыртқа доғасы иіліп, денемен тұтасқан. Омыртқалардың дәл ортасындағы кең қуыста жұлын орналасады. Мойын омыртқалардың (7) пішіні жағынан басқа омыртқалардан біршама айырмашылықтары бар: омыртқа денесі кішілеу, бірінші мойын омыртқасының (ауыз омыртқа) денесі болмайды, ортасындағы қуысы үшбұрышты. Мойын омыртқаларының біріншісі бас сүйегімен байланысып, басты бұруға қатысады. Денеге күш түсуіне байланысты 3-мойын омыртқадан бастап 7-омыртқаға дейін пішіндері сәл өзгереді. Омыртқа денесі ұлғайып, арқа өсіндісінің ұшы (7-омыртқадан басқасы) екіге ажырап ашаланады.
Арқа омыртқалары (12) мойын омыртқаларынан ірілеу, арқа өсіндісі көлбеу орналасқан. Бүйір өсінділерінде және омыртқа денесінде қабырғалар бекінетін шеміршекті буын ойықтары болады. Арқа омыртқалар қабырғалармен байланысады.
Бел омыртқалары (5) басқа бөлімнің омыртқаларымен салыстырғанда денесі жалпақ әрі үлкен. Арқа қанаттары да жуан, бұл бел бөлімінің көбірек қозғалуына әсер етеді. Бел омыртқаларына дене салмағының күші көбірек түседі.

2-сурет. Омыртқаның құрылысы:
1 – денесі; 2 – доғасы; 3 – буындық қанаттары; 4 – арқа қанаты; 5 – бүйір қанаттары; 6 –омыртқа тесігі.
Сегізкөз омыртқалары (5) бір-бірімен қозғалмастай тұтасып кеткен. Пішіні үшбұрышты, ішке қараған беті сәл иіліңкіреп ойықтау болып келеді. Ойыс жағынан сегізкөз омыртқаларының тұтасып кеткен іздері 4 көлденең бұдыр сызық болып анық көрініп тұрады. Сегізкөз омыртқаларында 4 жұп тесіктерінен жұлын жүйкелерінің тарамдалған ұштары шығады.
Құйымшақ омыртқалар (4–5) қалдық ретінде тұтасып кеткен. Тек бірінші омыртқада омыртқаның кейбір белгілері ғана сақталған. Қалғандары біртіндеп кішірейген.
Барлық омыртқалар бір-бірімен шеміршектер, бұлшықеттер, сіңірлер арқылы байланысып, омыртқа жотасын құрайды. Омыртқа жотасы – тұлғаны алға, артқа, бүйіріне қарай иіп-қозғалту арқылы түрлі қимылға келтіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет