Зерттеу жұмысының өзектілігі: Пандемия уақытында, оқушыларымыздың сабаққа онлайн, қатысуына байланысты ұялы телефондарда Майнкрафт ұялы телефон ойындарын ойнауы қазақ балаларының күннен-күнге ойынға тәуелді болуы кері әсерін тигізуде. Бұл ойындардың бала психологиясына зиян келтірмей сабақ барысында қалай қолдану туралы зерттеу. кезек күттірмейтін мәселе болғандықтан тақырыптың өзектілігі айқындалды.
Зерттеудің мақсаты: Қазақстан әлемдік қауымдастықта лайықты орын алу үшін, бүгінгі жас ұрпақтың санасына осы ойындардың пайдалы екенің көрсету, оның балаға әсерін насихаттау, зерттеу. Бұл ойындардан оқушылардың назарын басқа ермекке аудару.
Міндеттері:
Жоба бойынша презентациялық материал мен құжаттарды дайындау.
Ойындардың теориялық және практикалық тұрғыдан қарастыру.
Ғылыми тұрғыдан зерттеу әдістерін қолдана отырып, мәліметтер жинау.
Майнкрафт ойындарының сабақ барысындағы қолдану туралы оқушылар арасына түсіндіру және қауіпсіздік шараларын қолдану жөнінде сауаттылығын кеңейту.
Материалдық құндылықтар:фотосуреттер, слайд.
Зерттеу құндылықтары: теориялық тұжырымдар, зерттеу.
Зерттеу әдістері: бақылау, сарамандық жұмыс, салыстыру, сауалнама, сараптау, қорытындылау.
Зерттеу ақпарат көздері: ғылыми әдебиет, мұрағат материалдары, интернет, баспасөз материалдары.
Зерттеудің орындалу мерзімі – 2021 – 2022 оқу жылы
Орындалу түріне қарай – жекелей орындалған ғылыми жоба болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |