Басы
|
«Достық шеңбері» жылулық шеңбері. Оқушылар шеңберге жиналады. Мұғалім ортаға орындық қойып,кез келген балаға отыруды ұсынады. «Күлгін көзілдірікті» киіп (күн сәулесін қорғайтын әйнегі күлгін түсті көзілдірік жарайды),ол арқылы адамның ең жақсы қасиеттерін көруге болатынын айтады.
Оқушылар отырған баланың жақсы қасиеттерін айтады. Оқушылар қалаулары бойынша көзілдірікті кезекпен киіп,ортадағы баланы мадақтайды.
Жұмыс ережесін келісу
Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!
Уақытты үнемдейміз!
Нақты,дәл жауап береміз!
Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!
Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!
|
Оқушылар шеңберге жиналады. Көзілдірікті киіп, ортадағы оқушының жақсы қасиеттерін айтады.
|
Әр оқушы жауабынан кейін қол шапалақтап, қошемет жасайды.
|
Күн сәулесін қорғайтын әйнегі күлгін түсті көзілдірік.
|