Сабақ Бөлім: 1-бөлім: Қазақстан бүгінгі әлемде: Қазақстанның өткені мен келешегі


Тәйке (тауа) – асықтың иіріленде шұңқырлау табаны жерге тиіп, тұрық түсуі. Ол екінші дәрежелі мәнге ие. (7-8 балл)



бет10/22
Дата16.10.2023
өлшемі2,06 Mb.
#115545
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22
Байланысты:
11 кл Қазақ тілі ҚМЖ 1-тоқсан 2023-2024ж

Тәйке (тауа) – асықтың иіріленде шұңқырлау табаны жерге тиіп, тұрық түсуі. Ол екінші дәрежелі мәнге ие. (7-8 балл)
Бүге (бүк) – асықтың иірілгенде дөңес жоны үстіне қарап, етпетінен жатық түсуі. Ол үшінші дәрежелі мәнге ие. (4-6 балл)
Шіге (шік) – асықтың иірілгенде шұңқыр құрсақ жағы үстіне қарап, шалқасынан жатық түсуі. Ол төртінші дәрежелі мәнге ие. (1-4 балл)

Оқулық
11-сынып
«Атамұра» баспасы
2020жыл



Сабақтың аяқталуы
1 минут

Үйге тапсырма: 13-тапсырма



Оқулық
11-сынып
«Атамұра» баспасы
2020жыл

4 минут

Кері байланыс
«Сөйлемді аяқта»

Мен мынаны білдім




Маған қызық болғаны




Маған қиын болғаны




Мен мынаны жасай алдым




Мен мынаған таңғалдым






Рефлексия барысында сабақтың қызықты тұстарын айта отырып, нені меңгергенін сараптайды.
Қиналған түстарын, меңгере алмаған тұстарын жеткізеді.









Бекітемін:_________
Қысқа мерзімді жоспар Қазақ тілі 4-сабақ



Бөлім:

1-бөлім:
Қазақстан бүгінгі әлемде: Қазақстанның өткені мен келешегі



Педагогтің тегі, аты,
әкесінің аты :


Күні:




Сынып: 11

Қатысушылар саны:



Қатыспағандар саны:



Сабақтың тақырыбы

Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны. Бөлім бойынша жиынтық бағалау-1

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

11.2.3.1 - таза ғылыми стильдегі тезис, аннотацияның құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау ;
11.3.5.1 - әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, әңгіме, естелік, шығарма) ұсына білу;

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар орындай алады: таза ғылыми стильдегі тезис, аннотацияның құрылымы мен рәсімделуін көрсетіп, жанрлық ерекшеліктерін талдай алады. тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыс ұсына алады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: өз ойын мысалдар келтіре отырып дәлелдей алады.
Кейбір оқушылар орындай алады: қорытындылап, тұжырым жасай алады, сауатты және таза жаза алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың
басталуы
4 минут



Оқушылармен амандасу, қатысуын түгендеу. Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру;
Ой шақыру
Не себепті Қазақстан алма мен қызғалдақтың Отаны болып саналады?



Сұрақтарға жауап береді

Ауызша мадақтау арқылы бағалау Жарайсың! Тамаша! Керемет!



Оқулық
11-сынып
«Атамұра» баспасы
2020жыл



Сабақтың
ортасы
15 минут

20 минут


8-тапсырма 14-бет
Мәтінді мұқият оқимыз. Не туралы айтылғанын қысқаша баяндап, аннотация жазамыз.
Аннотация жазуға нұсқаулық
Аннотация немесе аңдатпа – кітаптың, мақаланың, қолжазбаның
мазмұнын, саяси-идеялық бағытын, құндылығын түсіндіретін қысқаша
сипаттама [1]. Аңдатпа кітаптың, не мақаланың бірінші бетінде орналасады.
Аңдатпаның көлемі, оның түріне қарай бөлінеді. Мәселен, кітапқа
берілетін аңдатпа 1 сөйлемнен де тұруы мүмкін, я болмаса 1 бетке дейін жетуі мүмкін. Ал ғылыми мақалаға берілетін аңдатпа 500 әріптен немесе 7-8 сөйлемнен тұрады.
Ғылыми мақалаға арналған аңдатпа жазу үшін мынадай ережелерді
ұстаныңыз:
 Аңдатпа көлемі 100 сөзден тұрады. Ғылыми мақаланың көлем
шағын болады. Мақалаңызды беретін журналдың талабына сай сөйлеммен (7-8 сөйлем) немесе сөзбен (100 сөз), не белгі (500 белгі) санымен берілуі мүмкін.
 Аңдатпаның құрамындағы баяндауыштар етістіктің келер
шағында, ырықсыз етіс және пассив формада жазылады. Мысалы:
талданады, болжау айтылады, кірістіріледі деп қорытындылайды,
анықталады, бекітіледі, мысалдар беріледі, атап өтеді, нәтижелер
баяндалады, атап көрсетіледі, қолданылады, зерттеледі, сыналады,
жүйеленеді, қорытындыланады, талқыланады, бекітіледі,
анықталады(бағыттар), суреттеледі, тәжірибе бекітіледі, бағаланады,
көрсетіледі, ұсынылады, аталады, келтіріледі, сипатталады және т.б.
 Аңдатпа мазмұны тақырыптың қысқаша сипаттамасын
қамтиды. Мұнда тақырыптың өзектілігі мен жаңалығын, зерттеу пәні мен нысанының сипаттамасын, оның мақсаты мен оған жетудегі автордың нәтижелерін қысқаша баяндайсыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет