Сабақ Бөлім: 1-бөлім: Дананың сөзі ақылдың көзі



бет20/40
Дата25.11.2023
өлшемі3,16 Mb.
#126292
түріСабақ
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   40
Байланысты:
8 кл әдебиет ҚМЖ 1 тоқсан ДҰРЫСЫ 2023 2024ж 2

Бекітемін:_________
Қысқа мерзімді сабақ жоспары Қазақ әдебиеті 13-сабақ

Бөлім:

1-бөлім: «Дананың сөзі- ақылдың көзі»

Педагогтің Тегі, Аты, Әкесінің аты :

Шілдебаева Жанар

Күні:


Сынып: 8

Қатысушылар саны:



Қатыспағандар саны:



Сабақтың тақырыбы

Даналар сөзі – ақылдың көзі. Бөлім бойынша жиынтық бағалау-1

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

8.3.3.1 шығарманың көркемдік- идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазу.

Сабақтың мақсаты

Шығарманың көркемдік- идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жаза алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың
басталуы
3 минут


Сабақтың
ортасы
20 минут


20 минут


Сабақтың аяқталуы
2 минут

Оқушылармен амандасу, қатысуын түгендеу.
1.Психологиялық ахуал қалыптастыру
2.Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру;
а) Берілген өлеңді негізге ала отырып, қоғамдағы жастар
тәрбиесіне байланысты келеңсіздіктерді эссе түрінде талдап жазыңдар:
«...Үлкен-кіші адамнан ибалық әдет кетті,
Қыз-бозбала жастардан әдеп кетті,
Мінез-құлықты бұзатын әлек жетті,
Бұл не деген замана болды, достар?..»
ә) Жазғандарыңның шешімін қалай табуға болады? Өз ойларыңды қорытып,
баяндап беріңдер.
1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
Бөлім «Дананың сөзі - ақылдың көзі»
Оқылатын шығарма

Қорқыттың нақыл сөздері

Ахмет Йассауи «Даналық кітабы»

Оқу мақсаты: 8.3.3.1 шығарманың көркемдік- идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазу.
Тапсырма:
«Қорқыт ата нақыл сөздерінің тәрбиелік мәні неде?» тақырыбында Қорқыт нақылдарының көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазыңыз

Рефлексия: «Білім гүлі»









Психологиялық ахуал
-Салем достым! (амандасады)
-Сен қалайсың? (иықтарынан қағады)
-Қайда болдың? (құлақтарынан тартады)
-Мен сені сағындым! (қолдарын жүректеріне қояды)
-Сен келдің! (қолдарын жаяды)
-Жақсы болды!(құшақтайды)

Оқушылар «Білім гүлі» әдісі арқылы не түсінгенін, не қызықты болғанын, нені жетілдіру қажет екендігін жазады.





Ауызша мадақтау арқылы бағалау Жарайсың! Тамаша!
Керемет!
Дескриптор
-тақырыпты ашады;
-көркемдік-идеялық құндылығын нақты көрсетеді,
-гуманистік тұрғыдан талдау жасайды
-ойын мысалдармен дәлелдейді
-эссе құрылымын сақтайды



Оқулық
8-сынып
«Атамұра» баспасы
2018жыл

Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар


«Қазақ әдебиеті»
8-сынып




Бекітемін:_________
Қысқа мерзімді сабақ жоспары Қазақ әдебиеті 14-сабақ

Бөлім:

1-бөлім: «Дананың сөзі- ақылдың көзі»



Педагогтің аты-жөні


Күні:




Сынып: 8

Қатысушылар саны:



Қатыспағандар саны:



Сабақтың тақырыбы

Ақтамберді жырау өмірі мен шығармашылығы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

Т/Ж. 8.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану.

Сабақтың мақсаты

Көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдана алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың
басталуы
7 минут

Сабақтың
ортасы
8 минут

8 минут
10 минут

6 минут


Сабақтың аяқталуы
2 минут

Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу. Оқушылармен амандасу, қатысуын түгендеу.
Психологиялық ахуал тудыру кубигі
1.Амандас
2. Құшақтас
3.Тілек айт
4.Мақта
5.Күлкі сыйла
6.Би қимылдарын бірге қайтала
Қызығушылықты ояту кезеңі
Ақтамберді Сарыұлын неге жырау деп атаған?



Ақтамберді жырау


Ақтамберді Сарыұлы (1675-1768) – жырау, қолбасы, қазақтың көне жыраулық мектебінің белді өкілі, дипломат.


Қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. «Он екіде аттанып, қылыш ілдім білекке» дегеніне қарағанда күреске ерте араласқан жауынгер жырау санатына жатады. Тұрмыстың қыр-сырын, отбасы, елдік, ерлік, жер мәселелерін жырларында жақсы бейнелеген. Қысқа, нақыл, шешен сөздердің шебері.
Ол 1742 жылы Орта жүз ру басшыларының Орынборда ант беру жиналысына өкіл болған. 1738-1752 жылдары қазақ-қалмақ арасында болған қанды қақтығыстардың барлығына дерлік қатысқан. «Ақтабан шұбырынды» оқиғасының зұлмат қан кешуін бастан өткерген. Ес білгеннен бастап 70 жыл бойы ат үстінен түспей елі мен жерін қорғаған қас батыр, айтулы шешен, қабырғалы би, атақты жырау болған. Қазақ жауынгерлерінің азаттық, құлдық жөніндегі түсініктері, көшпелі халықтың тыныс-тіршілігі болашаққа деген сенімі, адалдық-жауыздық, қиянат, әділетсіздік хақындағы таным-түсініктері Ақтамберді талғамынан өтіп жыр-толғауға айналған.
Ақтамберді жырау өз ғұмырнамасын толғауларына көркемдік қуаты зор, келісті нақыштармен түсірген. Шығармалары зиялы зергердің қолтаңбасын танытады. Әлі де қолға түспеген толғаулары ел аузында сақталуы ықтимал. Қазіргі қолда бары 300 жолдан аспайды. Азғантай қазынасының өзі афоризмдерге толы. «Күмбір-күмбір кісінетіп», «Уа, қарт Бөгенбай», «Менімен ханым ойнаспа», «Жауға шаптым ту байлап», «Заманым менің тар болды» және тағы да басқа өлең-толғаулары батылдыққа, ізгілікке, патриоттық күй-сезімдерге толы.
Ақтамбердінің «Балаларыма өсиет» деп аталатын толғауы соңғы туындыларының бірі болса керек. Жырау балаларын тірліктегі бірлікке, талап-мұратқа, татулыққа үндейді. Жас ұрпақтың бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруы елді мақсатына жеткізерін ескертеді. Халықты алауыз мінездерден сақтандырады.
Ақтамберді толғаулары мен жырлары С.Мұқановтың «Қазақтың 18-19 ғасырдағы әдебиетінің тарихынан очерктер», «Ертедегі әдебиет нұсқалары», «Алдаспан», «15-18 ғасырдағы қазақ поэзиясы», «Бес ғасыр жырлайды» жинақтарына енгізілген.
Ақтамберді жыраудың толғаулары:
1.“Күлдір - күлдір кісінетіп”,
2.“Уа, қарт Бөгембай”,
3.“Менімен ханым ойнаспа”,
4.“Жауға шаптым ту байлап”,
5.“Заманым менің тар болды”
6. “Балаларыма өсиет”
7. «Түйе мойнын тұз кесер»
8. “Жылқыдан асқан мал бар ма?”
9. “Балпаң - балпаң кім баспас”
10. “Жауға шаптым”
11. “От басар орны отаудай”
Тапсырма
Ақынның асқақ арманын қатысты ойды өрбітіп жазыңыз. Өз көзқарасыңызды дәлелдеуде берілген үзінділерді қажетінше қолданыңыз.

..Өзім бір бөлек жайласам,


Жігіттен нөкер сайласам,
Ойпаң жерге он отау,
Қыраң жерге қырық шатыр тігіп,
Қонағымды жайғасам!..

1.Ойыңызды жеткізіңіз.


Күлдiр де күлдiр кiсiнетiп,
Күреңдi мiнер ме екемiз,
Күдерiден бау тағып,
Ақ кiреуке киер ме екемiз!
деген ақын сөзінен нені аңғаруға болады?
2. Шығарманы ұлттық мүдде тұрғысынан ашуға тырысыңыз.
Алғайдың құба жонына
Жайылған қойым сыймаса,
Жүз бүркеншік, жүз қоспен
Қатар жүріп жинаса...... ақын нені армандады?
Ақтамберді Сарыұлы туралы айтып бер. Қай ғасырда өмір
сүрген? Қосымша дереккөздерді пайдалана отырып, жырау туралы материалдар жинаңдар. Материалдарды ретімен кестеге түсіріңдер.

Дереккөз

Авторы

Баспасы, шыққан жылы












Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет