1-тапсырма.
Топтық жұмыс 1.Қорқыт ата кітабы» қандай жырлар дан тұрады?
2. «Қорқыт ата кітабын» зерттеген қандай қазақстандық ғалымдарды бі -лесіңдер?
3. «Қорқыт ата кітабына» енген жыр лар мазмұны қандай?
2-тапсырма.
«Ел аузында Қорқыт туралы аңыз-әңгімелер көп сақталған.
Ертегі, дастан түрінде де кездеседі. Олардың қата ры на «Қорқыттың өлімге қарсы тұруы», «Қорқыттың өлімі», «Қорқыткүйі», «Қорқыт сарыны», «Қорқыт және қырық қыз» және т.б. жатады.
Қорқыт туралы аңыздар «Қорқыт ата кіта бы» деп аталатын
әдеби мұрада жинақ талған. Он екі жырдан тұратын «Қорқыт ата
кі табында» туған жерін, Отанын сыртқы жаулардан қорғау үшін
қан майданға шыққан алыптардың ерлігі жырланады. «Қорқыт
ата» кітабындағы он екі жыр «Дерсеханұлы Бұқаш туралы жыр»,
«Қазан Салардың ауылын жау шапқаны туралы жыр», «Байбө рі
ба ласы Бамсы Байрақ туралы жыр», «Қазан баласы Ораздың жауға тұтқын болуы», «Ержүрек Домрул батыр», «Қаңлы оғыз баласы Қан Төрәлі», «Қазылық оғыз баласы Игенек», «Төбе көз дәуді өлтірген Бисат», «Бекілұлы Әмран», «Ұшан оғыз баласы Секірек», «Қазан Салардың екіншілей жауға тұтқын болуы», «Сыртқы оғыздардың ішкі
оғыздарға қарсы бас көтеруі» атты
тақырыптарды қамтиды» деген ойды өрбітіп жазыңыз. Өз көзқарасыңызды дәлелдеуде үзінділерді қолданыңыз.
3-тапсырма Сұрақтарға жауап беріңіз 1. «Қорқыт ата кітабы» қандай жыр лардан тұрады?
2. «Қорқыт ата кітабын» зерттеген қандай қазақстандық ғалымдарды бі лесіңдер?
3. «Қорқыт ата кітабына» енген жыр лар мазмұны қандай?
Ойтаразы Бас бармақ - басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе не болды?
Балаң үйрек- бірлесу. Мен топта / жұпта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмек бердім?
Ортан терек – ойлану.Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?
Шылдыр шүмек- шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?