Бекітемін__________
Қысқа мерзімді жоспар Қазақ әдебиеті 10-сабақ
Бөлім:
|
1-бөлім: Дананың сөзі – ақылдың көзі
|
Педагогтің Тегі, Аты, Әкесінің аты :
|
|
Күні:
|
|
Сынып: 8
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Қожа Ахмет Йассауи «Даналық кітабы»
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:
|
8.2.3.1 шығармадағы көркемдегіш құралдардың (психологиялық параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис) қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтау;
|
Сабақтың мақсаты:
|
Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (психологиялық параллелизм, перифраз,сатира, ирония, гротеск, эллипсис) қолданысын анықтай алады . Автор стиліне талдау жасай алады.
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі//
уақыты
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басталуы
4 минут
5 минут
Сабақтың ортасы
12 минут
6 минут
7 минут
6 минут
Сабақтың аяқталуы
5 минут
|
Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
Қызығушылықты ояту
Миға шабуыл
«Бір минут» жаттығуы
«Бір минут» жаттығуына өз еркімен шыққан оқушы еш дайындықсыз бір минут бойы «Даналық кітабынан» үйренген ғибратын қазіргі өмірмен байланыстырып, тоқтамастан шешен тілмен сөйлеуі тиіс. Осылай үш оқушыны шығаруға болады.
Мағынаны тану
тапсырма «Кубизм» ТЖ.
Анықтау. Өз бойыңызға «Даналық кітабынан» қандай өмірлік азық алдыңыздар? Кемінде 3 дәлел келтіріңіздер.
Талдау. Қожа Ахмет Йассауидің бұл дүниенің қызығынан бас тартып, қылуетте өмір сүруі неліктен және өз өмірін өнеге ете отырып, ойшыл мақсатына қаншалықты жете алды?
Қолдану. Қожа Ахмет Йассауидің орнында болсаңыз, замандастарыңыздың бойындағы қандай кемшіліктерді сынар едіңіз? «Даналық кітабынан» кемінде 3 дәлел келтіріңіздер.
Салыстыру. «Даналық кітабы» мен Қорқыт Атаның нақыл сөздерін Венн диаграммасы арқылы салыстырып, ортақ тұжырым жасаңыздар.
Табыс. Қожа Ахмет Йассауи ілімінің өміршең болуының сыры неде? «Даналық кітабынан» кемінде 2 не 3 дәлел келтіріңіздер.
Сәттілік. Қожа Ахмет Йассауи жерленген кесене орналасқан Түркістан қаласы «екінші Мекке» атанса, енді облыс орталығына айналып отыр. Келешекте мұнда туристер саны тіпті көбейері анық. Қожа Ахмет Йассауи ілімінің рухани жаңғыруға қосар үлесі қандай болмақ? «Даналық кітабына» сүйеніп, пікіріңізге кемінде 3 дәлел келтіріңіздер.
Тапсырма
Берілген жолдардағы психологиялық параллелизм, перифраз, риторикалық сұрақтардың қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтаңыз.
1. Даналардың айтқаны келер болды,
Қияметтің қияпаты төнер болды,
Ақымақтар айқаймен жеңер болды,
Бұл не деген замана болды достар.
2. Халайықтан мейірім мен рақым кетті,
Момынға телі-тентек зақым етті,
Тал түсте талапайда ақыл кетті,
Бұл не деген замана болды достар.
3. Азған заман ғалымы залым болар,
Қошаметшіл қулықпен мәлім болар,
Анығын айтқан адалдар жазым болар,
Бұл не деген замана болды, достар.
4.Айтылған сөз, уәденің байламы жоқ,
Жалғандыққа шындықтың қайраны жоқ,
Шындықты айтып осылай шырқыраған
Құл Қожа Ахмет сөзінің жалғаны жоқ.
5-тапсырма.
а) Дәптерлеріңе көшіріп жазып, өлең құрылысына қарай
талдаңдар:
Даналардың айтқаны келер болды,
Қияметтің қияпаты төнер болды,
Ақымақтар айқаймен жеңер болды,
Бұл не деген замана болды, достар?
7-тапсырма.
Берілген өлең жолдарынан көріктеу құралдарын теріп, дәптерлеріңе жазыңдар.
Өлеңнен мысал
|
Көріктеу құралы
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |