Сабақ Бөлім: 1-бөлім: Дананың сөзі ақылдың көзі



бет22/40
Дата25.11.2023
өлшемі3,16 Mb.
#126292
түріСабақ
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   40
Байланысты:
8 кл әдебиет ҚМЖ 1 тоқсан ДҰРЫСЫ 2023 2024ж 2

Бекітемін:_________
Қысқа мерзімді сабақ жоспары Қазақ әдебиеті 15-сабақ

Бөлім:

1-бөлім: «Дананың сөзі- ақылдың көзі»

Педагогтің аты-жөні


Күні:


Сынып: 8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ақтамберді жырау «Күлдір-күлдір кісінетіп» өлеңі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

А/И. 8 .2.2.1 автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдау;

Сабақтың мақсаты

Автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік ерекшелігін талдай алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың
басталуы
10 минут
Сабақтың
ортасы
10 минут


8 минут


10 минут


Сабақтың аяқталуы
2 минут

1.Оқушыларды шағын жұмыс топтарына бөлу.
2. Сабақ тақырыбы мен мақсаты, бағалау критерийі таныстырылады.
Ойтүрткі
Толғаудың бейнелеу тәсілі неге құрылады? Толғау туралы ізденіп, зерттеушілер пікірлерін дәптерлеріңе жазып, жанр тарихына назар аударыңдар

Тапсырма
1.Үзіндідегі кейіпкердің сипатын ашудағы тілдік ерекшелігіне талдау жаса.
Көгорай көктем болғанда
Дауысы бар азандай,
Желіні бар қазандай,
Жаралы қудай ыңырантып,
Жарылған мұздай күңірентіп,
Қайрауықтың ащы күйіндей
Қайырып боздап күйлентіп,
Боталаған боз іңген
Азан-қазан, уда-шу
О да бір алса мазамды-ай!
2.Берілген үзінді бойынша автор бейнесін талда.
Пышақтан малым кетпесе,
Қазаным оттан түспесе,
Ауылдан топыр үзілмей,
Ошақтың оты өшпесе.
Май жемесе қонағым,
Қан жемесе барағым,
Он кісіге жараса
Бір кісіге арнап тартқан табағым!
Халыққа атым білініп,
Шүленгір* мырза атанар ма екеміз?!
3.«Шүленгір» сөзінің тілдік ерекшелігін анықтаңыз.
Ақынның айтқан арман-мақсатын негізге ала отырып, ой картасын жасаңыз
Үйге тапсырма: 5-тапсырма

Ақтамберді Сарыұлы жайлы білетін ақпараттарын топтастыру арқылы жинақтайды.

Үзіндідегі кейіпкердің сипатын ашудағы тілдік ерекшелігіне талдау жасайды.


Берілген үзінді бойынша автор бейнесін талдайды.


« Шүленгір» сөзінің тілдік ерекшелігін анықтайды.
Ақынның айтқан арман-мақсатын негізге ала отырып, ой картасын жасайды.



Ауызша мадақтау арқылы бағалау Жарайсың! Тамаша!
Керемет!
Дескриптор
Білім алушы
-автор бейнесін талдайды;
-тілдік көріністі талдайды;
-өлеңнен ой картасын жасайды

Екі жұлдыз, бір ұсыныс



Оқулық
8-сынып
«Атамұра» баспасы
2018жыл




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет