Операционалдық-танымдық кезеңі Оқулықпен жұмыс. «Брейнг-ринг» ойыны. Мақсаты: шағын топта ақылдаса, бір-біріне көмектесе отырып, жаңа білімді талдату, пікірлесу, меңгерту.
Ойын шарты: Сынып оқушылары төмендегідей топ бойынша жұмыс жасайды.
топ – көктем мезгілінде дүниеге келгендер.
топ – жаз мезгілінде дүниеге келгендер.
топ – күз мезгілінде дүниеге келгендер.
топ – қыс мезгілінде дүниеге келгендер.
Оқулықпен жұмыс.
1–4-тапсырмалардаоқушылар шағын топта жұмыс жасай отырып, әр сектордағы тапсырмаларды ақылдаса отырып орындайды, өз жауабын дәйектейді, қорытынды
ой айтады.
«Брейнг-ринг» ойынына қажетті кеспе сандар, цифрланған текше, тапсырмалар үлгісі.
Әр топтың үстеліне беске дейінгі нөмірлер үлестіріледі, ал алтыншы оқушы жүргізуші болады.
Әр топтың үстеліне төртке бөлінген дөңгелек сектор, әр секторға 1 тапсырмадан беріледі. Оқушылар берілген тапсырманы топпен орындайды.
Жүргізуші цифрланған текшені тастағанда қай оқушының нөмірі шықса, сол оқушы нөмірдегі секторда берілген тапсырманың жауабын жариялайды, қажет болса, дәлелдейді, сұраққа жауап береді немесе тақтада жазбаша орындайды.
№1сектор.