Операционалдық-танымдық кезеңі Оқулықпен жұмыс. Жаңа білімді меңгеру оқулықтағы 1-тапсырманы қарастырудан басталады. Оқулықта берілген сұрақтарға жауап беру үшін заттардың ұзындықтарын өлшеу қажеттілігі туындайды.
Сызғышты пайдаланып заттарды өлшейді және нәтижесін дециметрмен, сантиметрмен өрнектеп жазады.
Сурет бойынша зерттеу жұмысын жүргізу негізінде төмендегі сұрақтарға жауап береді:
Таңдап алған өлшеуіш (1 см) жолақшаның бойына неше рет салынды?
Жолақшаның ұзындығы неше сантиметр?
Жолақшаның ұзындығы неше дециметр?
Оқулықпен жұмыс.
1-тапсырмадасуреттерді зерттейді, сұрақтарға жауап береді.
Қалыптастырушы бағалау. Мұғалімнің қолдау сөздері .
– Егер таңдап алған өлшеуіш (1 дм) таспабаудың бойына 10 рет салынса, оның ұзындығы қандай? Бұл неше дециметр? Неше сантиметр?
4) Ұзындықтың жаңа өлшем бірлігі – метрмен танысады.
10 дециметр ұзындықтың жаңа өлшем бірлігі 1 метрдіқұрайды. Сонда 1 метрде 10 дециметр бар. 2-тапсырмада ұзындық өлшем бірліктерін салыстыру, түрлендіру, практикалық әрекеттері орындалады, қорытындыланады.
Оқушылардың әртекті шамалар арасында арифметикалық амалдар да, салыстырулар да жүргізілмейтінін, шамаларды бірдей бірлікке келтіріп алып, содан кейін ғана амалдар орындауға, салыстырулар орындауға болатынын түсінгендері маңызды.
а) Мысалы, 39 см-ді дециметр және сантиметрмен өрнектейік.
39 см = 3 дм 9 см;
ә) 4 дм 8 см мен 48 см-ді салыстыр. Мына үлгіде орында:
– Кіші өлшем бірліктерді үлкен өлшем бірліктеріне өрнекте және салыстыр:
4 дм 8 см * 48 см салыстыру үшін (оң жағына назар аудар) 48 см = 40 см + 8 см = 4 дм 8 см
Демек, 4 дм 8 см = 4 дм 8 см
– Үлкен өлшем бірліктерді кіші өлшем бірліктеріне өрнекте және салыстыр:
4 дм 8 см * 48 см салыстыру үшін (сол жағына назар аудар)
4 дм 8 см = 48 см Демек, 48 см = 48 см