(Ұ) 1- тапсырма «Еркін әңгіме» әдісімен орындалады.
А) «Бала Абай ». Бала Абай мәтінін оқыңдар
Ә) Автор туралы түсінік.
Түсініп оқы, өлеңнің авторы туралы әңгімелеңдер.
Қазақтың бас ақыны –Абай (шын аты Ибраһим) (1845–1904) Семей облысы туған.ұлы ақын,ойшыл,жазушы аудармашы ұстаз,ағартушы т.б.
Б) Дәптермен жұмыс.
Абайдың аналарының аттарын тауып жазыңдар.
Әжесінің аты – Зере.
Шешесінің аты – Ұлжан.
Саралаудың «Дереккөз» тәсілі жүзеге асады.
Кейбір оқушыға:
-Автор туралы мәліметтерді түсініп оқып, сыныптастарыңа әңгімеле.
Сергіту сәтінде Абай әндерін орындау.
(Т, Д) 2-тапсырмада «Бізде бір ой бар...» әдісі, дәптермен жұмыс жүзеге асырылады.
А) «Диалог» әдісі.
- Суретте кімдер бейнеленген деп ойлайсыңдар?
- Мәтінге сүйеніп, әжесі мен Абай арасында диалог құрастырыңдар.
Ә) «Сөзжұмбақ» әдісі.
- Мәтін бойынша берілген сұрақтарға жауап беріп, сөзжұмбақты шешіңдер.
1. Мәтін қалай аталады? Бала ...
2. ... Абайдың жасы он үшке толған еді.
3. Абайдың әжесі әңгімесін қалай бастап еді?
4. Абай қайдан көп шықпайтын болды?
5. Абайға әңгімені кім көп айтушы еді?
6. Биыл әсіресе Абайдың ... өскен.
7. Абайдың шешесінің есімі кім?
8. Абай әжесінің әңгімесін қалай тыңдайтын?
- Сөзжұмбақтың жасыл түсті торкөздеріндегі сөз тіркесін дауыстап оқыңдар. «Абай жолын» кім жазған?
Б) Топтарға («Ағартушы», «Жазушы» «Ақын») бөлініп, Абай туралы сөйлеуге дайындалыңдар.
Ә) Абай туралы білгеніңді сызбаға түсіріңдер.
Саралаудың «Тапсырма» тәсілі:
Кейбір оқушыға:
- Мәтіндегі негізгі ойды анықта.
|
- Тапсырма орындайды.
Ән айтады.
Тапсырманы талқылап, тапсырмалар орындайды.
|
Дескриптор:
- Мәтінді тізбектей дауыстап оқиды-1балл.
- Автор туралы әңгімелейді-1балл.
Абайдың аналарының аттарын тауып жазады-1балл.
Дескриптор:
Диалог құрады-1балл.
- Сұрақтарға жауап беріп, сөзжұмбақты шешеді-1балл.
Абай туралы сөйлейді-1балл.
Абай туралы білгеніңді сызбаға түсіреді-1балл.
|