Дескриптор: - Берілген деректерді пайдаланып, есептер құрастырады, шешуін жауабын табады-2балл.
Дескриптор:
- Сызбалар бойынша есептер құрастырып, олардың шешуін, жауабын табады-2балл.
Есепті шығарғанға дейін жауабындағы сан 300-ден артық болады деп болжайды-1балл.
Есептің шешуін, жауабын табады-1балл.
Әлияның отбасы мүшелері бос уақыттарында немен айналысқанды ұнататынын анықтайды-1балл.
Пиктограмма бойынша сұрақтар құрастырады-1балл.
Өз отбасы мүшелеріңнің қандай мәдени орындарға барғанды ұнататыны туралы пиктограмма құрастырады-2балл.
3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету
3.4.1.4* х, һ әріптері бар сөздерді ажыратып жазу
Қателерді тауып, түзетеді, тақырыпқа тыңдарманның назарын аудартады, х, һ әріптері бар сөздерді ажыратып дұрыс жаза алады,сұрақтарға жауап беріп, сөйлем түрлерін ажырата алады.
Ынтымақтастық атмосферасынқалыптастыру «Ізгі тілек» әдісімен өтеді.
Оқу материалын жариялау «Күн шұғыласы» әдісімен жүреді.
-Дыбыс, әріп дегенде не естеріңе түседі? Күн шуағына жазыңдар.
-Дыбыс пен әріпті қалай ажыратамыз?
- Олай болса, бүгінгі сабағымызда дыбыс, әріп туралы өткенді қайталауға арналған тапсырмалар орындаймыз.
Сабақ мақсаты жария етіледі.
(Ұ, Т) 1- тапсырма «Еркін әңгіме» әдісімен орындалады. Дәптермен жұмыс болады.
А) 18-жаттығу. Мәтінді түсініп оқыңдар.
Мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтаңдар.
-Жоспарға сәйкес мәтінді төрт бөлікке ажыратыңдар:
1. Мәншүктің өтініші.
2. Жаудың қарсы шабуылы.
3. Мәншүктің батыл қадамы.
4. Құрметті атақ.
-Жоспар бойынша мәтін мазмұнын жазыңдар.
19-жаттығу.
Мақалды тиісті тыныс белгілерімен толықтырыңдар.
1. Батыр туса ел ырысы Жаңбыр жауса жер ырысы 2.Ердің туы намыс. -Мақалдардағы баяндауыштардың қай сөз табынан жасалғанын айтыңдар.
-Сызықшаның неліктен қойылғанын түсіндіріңдер.
Саралаудың «Тапсырма» тәсілі жүзеге асады.
Кейбір оқушыға: - х, һ әріптері бар сөздерден мысалдар келтір.
Сергіту сәтінде «Жұмбақ» ойынын ойнайды. Бір оқушы шығып жұмбақ жасырады. Қалған оқушылар шешуін атайды.