Сабақ Бөлім: Уақыт Мұғалімнің аты-жөні



бет4/12
Дата07.09.2023
өлшемі396 Kb.
#106518
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
3кл қазақ тілі12апта

(Ұ, Т) 1- тапсырма «Еркін әңгіме» әдісімен орындалады.дәптермен жұмыс болады.
А) 33-жаттығу.
«Бір минут» атты мәтінді тыңдайық.
- Мәтін мазмұны бойынша бір-біріңе сұрақ қойып, жауап беріңдер.
- Мәтіндегі негізгі ойды анықта.
- Талғат бір минуттың да рөлі бар екенін түсінді ме? Оны түсінуге не себеп болды?
- Мәтін мазмұнына өз ойыңды қысқаша жаз.
- Мәтіндегі қарамен берілген сөздердің жазылуына назар аудар. Бұл сөздердің
түбірін тауып, жазуда қалай өзгергенін
айтып көр.
Ә) Анықтамамен жұмыс:
Қосымша жалғанғанда кейбір түбір сөздердің жазылуы өзгереді: кітап – кітабы, парақ – парағы, әріп – әрпі, халық – халқы
Саралаудың «Тапсырма» тәсілі жүзеге асады.
Кейбір оқушыға:
- Мәтін мазмұнына қатысты өз пікіріңді айт.


Сергіту сәтінде «Көңілді күн» әнімен билейді.


(Т, Д) 2-тапсырмада дәптермен жұмыс жүзеге асырылады.
34-жаттығу.
Суреттегі сөздерді жұптастырып жаз.

-Жұптасқан сөздерді салыстырып, түбір сөздің жазылуын өзгерткен қосымшаны ата.
Ерік-еркі, орын-орны, көрік-көркі.
Саралаудың «Қарқын» тәсілі жүзеге асады.
Қарқынды оқушыға:
- Тапсырмаға сай келетін мысалдар ойластырып жаз.

Мәтінді тыңдап, тапсырманы орындайды. Анықтама-ларды жаттайды.

Билеп сергиді.


Тапсырманы орындайды.





Дескриптор:
- мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады, жауап береді -1 балл.
- Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды -1 балл.
- Кейіпкер жайлы пікір білдіреді-1балл.
-Мәтін мазмұнына өз ойын жазады-1балл.
-Қарамен берілген сөздердің
түбірін тауып, жазуда қалай өзгергенін
анықтайды, қорытынды жасайды-1балл.
Дескриптор:
- Суреттегі сөздерді жұптастырып жазады -2балл.
- Жұптасқан сөздерді салыстырып, түбір сөздің жазылуын өзгерткен қосымшаны атайды -3 балл.

Оқулық, дәптер

Оқулық, дәптер



Кері байланыс
5 мин



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет