Ұйымдастыру,
өзін –
өзі тексеру
Өткен білімді еске түсіру
8 мин
|
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру ширату жаттығуларымен өтеді.
Дөңгеленіп тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Кереге болып керіліп,
Уықтар болып иіліп,
Шаңыраққа киіліп,
Киіз үй біз құрайық!
Өткен тақырыпқа шолу «Сұрақ-жауап» әдісімен өтеді:
- Өткен сабақта қандай тақырыпты өттік?
- Спорт жарысына қатысушы оқушылардан, мұғалімдерден сұқбат алыңдар дегенбіз, кімнен сұқбат алдыңдар?
Топқа бөліну және жаңа тақырыпты ашу «Пазл» және «Миға шабуыл» әдісімен өтеді:
Сурет бөліктерін алып, топқа бірігіңдер, суретті құрастырыңдар.
-Қандай сурет құрастырдыңдар?
- Үй жануарлары не үшін қажет?
- Одан басқа үйде қандай істермен айналысады?
- Бақшаны не үшін өсіреді?
-Ерте замандарда ата-бабаларымыз осы істермен қалай айналысқан деп ойлайсыңдар?
- Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не туралы болады деп ойлайсыңдар?
Сабақ мақсаты жария етіледі.
|
Жаттығу жасайды.
Сұрақтарға жауап береді.
Топқа бірігеді.
Сурет құрастырады.
Тақырып атауын табады.
|
Оқу тапсырмасын орындаған оқушыны «Ауызша мадақтау» әдісімен бағалау. Жауабын толықтыру, тиімді кері байланыс жасау.
|
Пазл бөліктеріне бөлінген жайлау, қыстау, егістік суреттері
|