Тәжірибелік сабақ -180 мин. Ұйымдастыру кезеңі (оқушыларды түгелдеу, формасын тексеру, бөлме тазалығын тексеру) 3 мин
Тірек тапсырманы сұрау. 20 мин
Жаңа тақырыпты түсіндіру (іс –әрекетті демонстрациялау). 40 мин
Өзіндік жұмысқа әдістемелік нұсқаулық -5 мин.
Өзіндік жұмыс-90 мин
Сабақты бекіту. 15 мин
Қорытындылап , баға қою. 5 мин
Үйге тапсырма беру. 2 мин
І Ұйымдастыру кезеңі (3 мин) Оқытушы оқу бөлмесінің тазалығына, оқушылардың киіміне назар аударады. Оқушылардың сабаққа қатысуы мен дайындығын тексеріп, жоқ оқушыларды түгелдеп, оларды сабақтың бағдарламасы және мақсатымен таныстырады.
ІІ Теориялық білімін тексеру.(20 мин) 1-тапсырма: «Рефреминг» Дөңгелек бойынша айтылған сөзге көршісі тәртіппен жақсы, не жаман айтады. (Бірінші қатысушы: «Бүгін жаңбыр тұр – ол жақсы, саңырауқұлақтар өсе бастайды солай кете береді», екінші қатысушы сөйлемді аяғына дейін тыңдап және ол туралы жаман бірдеме айту керек: «саңырауқұлақтар өсе бастайды – ол жаман, балалар оны жинай бастайды және уланып қалу мүмкін».
Келесі қатысушылар: «Балалар уланса – ол жақсы, олардың асқазандарын тазартады, одан кейін олар келесі жолы сақ болады» және с.с.). Жаттығудың мақсаты – болып жатқан оқиғаларға қатысын көрсету, әр нәрсені жан-жақтан көруге үйретеді, Ауызша біріктіру.
2-тапсырма: А-«Қатыгездікпен қарау» түсінігіне ой жүгірту. Әр қатысушы өзінің ойларын жазып және өз анықтамаларын түсінік береді.
Балаларға кестені толтыру ұсынылады, әр бағандағы сөзге анықтамаға беру қажет (1 қосымшада әр терминге анықтамасын түсінік шектеу қою керек).
Бұл сабақта балаларды 4 топқа бөледі (онда әр топ терминнің анықтамасына түсінік береді). Немесе әр топқа өз кестесін толтыру ұсынылады.
«Қатыгездік»
«Зорлық»
«Дөрекілік»
«Зорлық емес».