«Дұрыс шешімдер» жаттығуына талқылау мен ұтыс үшін мысал бола алатын жағдайлар:
1. Марат мұғалімді барынша қорлап, хат жазған Руслан екендігін білді. Енді Марат Русланды арандатады. Үндемегені үшін Марат Русланның iPhone (айфон) оған беруге ұсыныс жасайды. 2. 10-шы сынып оқушылар тобы үлкен үзіліс кезінде 9-шы сынып оқушыларынан кейде 50 теңгеден, ал кейде 100 теңгеден қарызға ақша сұрайды, Алған сайын қарызды қайтаруға уәде береді, бірақ оларды қайтармайды.
3. Гуля құрбысына қоңырау шалу үшін Айжанның ұялы телефонын сұрады. Телефонды бірден қайтармады, оны сабақ аяқталған соң қайтарамын деді. Бірақ сабақтан кейін Гуля Айжаннан оның телефонын қайтару үшін ақша талап етті.
4. Бауыржан планшетін Тимурға берді. Планшет иесіне қайтарылған кезде онда шамалы ақау байқалды. Бауыржан Тимурдан жөндеуге ақша сұрады, Тимур ақша берді. Бірнеше күннен кейін Бауыржан тағы ақша сұрады, Тимур тағы берді. Тағы бір аптадан кейін Бауыржан планшет жөндеуге келмейді деп планшеттің толық құнын талап ете бастады.
5. Күн сайын Ержанды мектепке баратын жолда ақша талап ететін ересек жігіттердің тобы күтеді. Егер ол ата-анасына айтса немесе полицияға жүгінсе олар физикалық жазамен қорқытады
Сабақты бекіту:
Тренинг «Өрмекшінің торы...»
Студенттер 2-топшаға бөлінеді.Әр топшаның команда басшысы «Денің сау болсын десең...» деп ортаға шығады. Топшадағы қалған оқушылар осы сөйлемді толықтырып аяқтап, шеңбер құрайды. Сөйлемді нақты,мағыналы тақырыпқа сай толықтыруына байланысты бағаланады.
VІI Қорытындылау, баға қою- 5 мин
Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады.