Сабақ әдісі: интербелсенді әдіс: миға шабуыл,кинометафора әдісі


Балаларға қатысты жыныстық зорлық- зомбылық



бет5/12
Дата09.10.2024
өлшемі76,82 Kb.
#147264
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
12практ. сабақ ДН

Балаларға қатысты жыныстық зорлық- зомбылық – кәмелетке толмаған бала мен одан үлкен адам арасындағы кез-келген жыныстық қатынасты қамтитын балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың түрі. Сондай-ақ жыныстық қатынас туралы әңгімелер, телефон қоңыраулары, мәтіндік хабарламалар немесе/және әлеуметтік желілерде өзара әрекеттесу, эксгибиционизм.
Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері – күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып еркек пен еркектің жыныстық қатынасы, әйел мен әйелдің жыныстық қатынасы немесе жәбірленушіге немесе басқа адамдарға жасалған сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер (ҚР Қылмыстық кодексі, 121 бап).
Груминг (ағылшын тілінен «қамқорлық көрсету») – эмоционалды, жылы қарым-қатынас орнату арқылы балаларға жыныстық зорлық-зомбылық көрсетудің бір түрі.
Бала құқығын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдар – әлеуметтік қолдауды, әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық-әлеуметтік, әлеуметтік-педагогикалық, психологиялық-педагогикалық, құқықтық қызметтер мен материалдық көмек көрсетуді, өмірлік қиын жағдайдағы балаларды оңалтуды, оларды еңбекке қабілетті жасқа толғаннан кейін жұмыспен қамтуды жүзеге асыратын ұйымдар.
Бұл ұйымдарға білім беру (қорғаншылық және қамқоршылық органдары), денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, ішкі істер органдары, сондай-ақ олардың уәкілетті қызметтері кіреді.
Қылмыс туралы хабарламау, жасыру – кәмелетке толмаған адамның жыныстық тиіспеушілігіне қарсы ауыр қылмыс, аса ауыр қылмыс дайындалып жатқаны немесе жасалғаны туралы хабарламау немесе жасыру алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға апарады. (ҚР Қылмыстық кодексі, 432, 434 бап).
Балаларға зорлық-зомбылық көрсетуге ықпал ететін факторларға мыналар жатады:

  • Әрқашан балалардың да, ересектердің де жеке шекарасын құрметтеңіз. Әдепсіз немесе орынсыз деп қабылдануы мүмкін кез келген қылықтан аулақ болыңыз.

  • Өзгелердің көз алдында түсініспеушілік болмауы үшін баламен жеке қалудан аулақ болыңыз. Мүмкіндігінше басқа да ересек адамдардың болғанын ескеріңіз.

  • Егер Сізге баламен байланыс орнату қажет болса, алдымен оның ата-анасынан, жауапты адамнан рұқсат сұраңыз. Олар баламен байланысуға рұқсат бергенімен, баланың өзі қаламаса, араласуды талап етпеңіз. Балалармен физикалық байланыста абай болыңыз.

  • Қажет болса, оны қысқа және орынды етіп жасаңыз. Мысалы, қол алысу немесе арқасынан қағу. Кәсібилікті сақтаңыз.

  • Егер Сіз балалармен қарым-қатынасты қамтитын кәсіпте жұмыс жасасаңыз, ұйымыңыз немесе мекемеңіз белгілеген тәртіп кодексі мен нұсқауларын ұстаныңыз.

  • Балалармен қарым-қатынаста немесе олардың көзінше намысқа тиетін немесе орынсыз деп саналуы мүмкін сөздер немесе әзілдерді қолданудан аулақ болыңыз. Қолдау көрсетіп, қамқор болыңыз.

  • Балаларға әртүрлі жағдайда шынайы қамқорлық танытып, бей-жай қарамаңыз, бірақ әрқашан тиісті шекараларды сақтаңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет