-негізгі өзгеріс төл сөздің тұрлаулы мүшелерінде болады;
-бір жақтың орнына екінші жақ айтылады;
Төл сөзді төлеу сөзге айналдыру жолдары:
1. Төл сөздің баяндауышы етістіктің ашық райынан болса, төлеу сөзде ол сәйкес шақтағы есімшеге айналып, оған -дық, /-дік жұрнағы, тәуелдік жалғауы және табыс септігі жалғанады да, толықтауыш болады.
2. Төл сөздің баяндауышы етістіктің бұйрық райынан болса, төлеу сөзде ол тұйық етістікке айналып, оған табыс не барыс септік жалғауы немесе туралы, жөнінде, жайында шылауларының бірі қосылып айтылады.
3. Төл сөздің баяндауышы есім сөздерден не тұйық етістіктен болса, төлеу сөзде ол сөзге тіркес екенін деген көмекші етістік айтылады. Төл сөздің бастауышы төлеу сөзде ілік септік жалғаулы анықтауышқа айналады.
4. Төл сөзде белгілі бір жақта тұрған сөз төлеу сөзде автор тарапынан басқа бір жақта тұрып айтылады.
5. Төл сөз сұраулы сөйлем болып, оның құрамында сұрау есімдігі болса,-төлеу сөзде сол күйінде сақталады. Егер сұраулы сөйлем -ма/ме сұраулық шылауы арқылы жасалса, төлеу сөзде шылаумен айтылған сөз болымды-болымсыз түрде не антоним түрінде қосарланып айтылады.
6. Төл сөзді төлеу сөзге айналдырғанда автор сөзіндегі де етістігінің орнына айт, сұра, ойла, бұйыр, талап ет, ескерт деген сияқты айту, ойлау мәнді етістіктерінің бірі айтылады.
Төл сөзді төлеу сөзге айналдыру жолдарының мысалдарының кестесі:
ТӨЛ СӨЗ
ТӨЛЕУ СӨЗ
– Қиындықтан қалай шығудың жолын мен білмеймін, – деді анасы.
Анасы қиындықтан қалай шығудың жолын білмейтіндігін айтты.
Әркім әр түрлі сөз айтып даурығып жатқанда, Сырбай: – Тоқтатыңдар! – деп ақырды.
Мына төл сөзді лепті, сұраулы, бұйрықты сөйлемді төл сөзге айналдыр.
«Мұны мен бұрын бір жерден көрдім» деп ойлады мұғалім.
Сабақты қорыту. Бекіту сұрақтары Төл сөз дегеніміз не? 2. Автор сөзі дегеніміз не? 3. Төл сөз бен автор сөзінің айырмашылығы неде? 4. Төл сөз бен автор сөзін не ажыратады? 5. Төл сөз төлеу сөзге қалай айналдыруға болады? 6. «Де» етістігі қалай түрленеді?