Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, деңгейлік, топтық, талдау


Төл сөзді төлеу сөзге айналдыру кезінде болатын өзгерістер



бет3/3
Дата03.02.2022
өлшемі58 Kb.
#24761
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
00028bb1-56a242c3

Төл сөзді төлеу сөзге айналдыру кезінде болатын өзгерістер:

-негізгі өзгеріс төл сөздің тұрлаулы мүшелерінде болады;

-бір жақтың орнына екінші жақ айтылады;

Төл сөзді төлеу сөзге айналдыру жолдары:

1. Төл сөздің баяндауышы етістіктің ашық райынан болса, төлеу сөзде ол сәйкес шақтағы есімшеге айналып, оған -дық, /-дік жұрнағы, тәуелдік жалғауы және табыс септігі жалғанады да, толықтауыш болады.

2. Төл сөздің баяндауышы етістіктің бұйрық райынан болса, төлеу сөзде ол тұйық етістікке айналып, оған табыс не барыс септік жалғауы немесе туралы, жөнінде, жайында шылауларының бірі қосылып айтылады.

3. Төл сөздің баяндауышы есім сөздерден не тұйық етістіктен болса, төлеу сөзде ол сөзге тіркес екенін деген көмекші етістік айтылады. Төл сөздің бастауышы төлеу сөзде ілік септік жалғаулы анықтауышқа айналады.

4. Төл сөзде белгілі бір жақта тұрған сөз төлеу сөзде автор тарапынан басқа бір жақта тұрып айтылады.

5. Төл сөз сұраулы сөйлем болып, оның құрамында сұрау есімдігі болса,-төлеу сөзде сол күйінде сақталады. Егер сұраулы сөйлем -ма/ме сұраулық шылауы арқылы жасалса, төлеу сөзде шылаумен айтылған сөз болымды-болымсыз түрде не антоним түрінде қосарланып айтылады.

6. Төл сөзді төлеу сөзге айналдырғанда автор сөзіндегі де етістігінің орнына айт, сұра, ойла, бұйыр, талап ет, ескерт деген сияқты айту, ойлау мәнді етістіктерінің бірі айтылады.

Төл сөзді төлеу сөзге айналдыру жолдарының мысалдарының кестесі:

ТӨЛ СӨЗ

ТӨЛЕУ СӨЗ

– Қиындықтан қалай шығудың жолын мен білмеймін, – деді анасы.

Анасы қиындықтан қалай шығудың жолын білмейтіндігін айтты.

Әркім әр түрлі сөз айтып даурығып жатқанда, Сырбай: – Тоқтатыңдар! – деп ақырды.

Әркім әр түрлі сөзді айтып даурығып жатқанда, Сырбай тоқтатуын ақырып бұйырды.

– Қазақтың мұң-мұқтажына алтын діңгек болған сенбісің? – деді басын көтеріп. – Қайдан жүрсің?

Қазақтың мұң-мұқтажының алтын діңгегі екенін айта келіп, басын көтерген қалыппен қайдан жүргенін сұрады.

– Сенімен сырымды бөлісейін деп келдім, – деді Гүлнұр.

Гүлнұр оған сырымен бөліскелі келгенін айтты.

– Баламды сізге бірер сағатқа қалдыруыма бола ма? – деп сұрады Айман көршісінен.

Айман көршісінен баласын бірер сағатқа қалдыруға болатынын-болмайтынын сұрады.

Төл сөз бен автор сөзінің тыныс белгілері туралы мағлұмат.

Мысалдар

Сызба-кестелер

1. «Биік мансап – биік жартас», - дейді Абай.

«.................», -..... .

2. Белгілі көркем сөз шебері

Ғабит Мұстафин былай деді: «Жазушы болу үшін негізігі үш шарт ой , алғыр тіл және талант керек».



........... : «.......».

3. «Сен оған айт, -деді Кенбай, - бұл - біздің жауға атар оғымыз»,

«.............. , - .......... , - ...........».

4. – Біржан әнін сен тыңдадыңба? - деді Асан.

- Мен таспаға жазып алдым, - деді Кенесары.



- ............. ? - ......... .

- ............. , - ..........



Тапсырма беру.

І деңгей

Төл сөз бен автор ара жігін ажыратып, тиісті тыныс белгісін қойыңыздар.



  1. «Дені кісіге қарап отыру қиын ғой», - деп Жамал дауысын солғындау шығарды.

  2. Асқар Сарыбас сағынған әкесіне шүйіркелесіп амандасар деп ойлаған еді.

  3. – Бұл кім еді?, - деп сұрады Айман

Төл сөзді төлеу сөзге айналдыр.

Әбіл менен «Жақыппен татуластыр» деп өтінді.

Айжан біраздан кейін бұл ережелерді ұғып алыңдар, - деді ол оқушыларға.

ІІ деңгей

Төл сөз бен автор сөзін тауып, орын тәртібінің сызбасын көрсетіндер.



  1. «Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ», - деді Абай.

  2. Мағжан Жұмабаев қазақ тілі туралы «Таза, терең, өткір, күшті. Кең тілім» деп айтқан.

  3. «Ерлердің ісі, - дейді Махамбет, - бітер ме?»

Мына өлеңдерден төл сөзді табыңдар.

а) Көкек көріп қарлығашты,

Қиғаш келіп амандасты.

«Көп ұшасыңдамыл алмай,

Бейшарам – ау, халың қалай?»

ә) «Бұл – адам көз сүйегі, - деді ханға, -

Тоя ма адам көзі мың мен санға?

Жеміт көз жер жүзіне тоймаса да,

Өлсе тояр көзіне құм құйылғанда».

ІІІ деңгей

б) Қоя бердім олеңімді

Жыршылар, жыршылар

Жыр айта ма осылай?

Сарқылмас сөзі таудың бұлағындай,

Сиқыр сөз көлдің сұлу құрағындай.

Жортады желмаядай шал кеңеске:

«Осылай болған екен, шырағым-ай».



Мына төл сөзді лепті, сұраулы, бұйрықты сөйлемді төл сөзге айналдыр.

«Мұны мен бұрын бір жерден көрдім» деп ойлады мұғалім.

Сабақты қорыту. Бекіту сұрақтары

  1. Төл сөз дегеніміз не? 2. Автор сөзі дегеніміз не? 3. Төл сөз бен автор сөзінің айырмашылығы неде? 4. Төл сөз бен автор сөзін не ажыратады? 5. Төл сөз төлеу сөзге қалай айналдыруға болады? 6. «Де» етістігі қалай түрленеді?





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет