Күтілетін нәтиже
|
Барлық оқушылар: жануарларды мүсіндеу тәсілдері мен орындау ретін атай алады.
Әртүрлі жануарлардың сыртқы түрін суреттеп, бірінің мүсінін жасай алады.
|
Оқушылардың көпшілігі: жануарлардың мүсінін қандай материалдар мен қосымша құралдар арқылы
және қалай мүсіндеуге болатынын айта алады.
|
Кейбір оқушылар: жануарлардың бірнеше мүсінін жасап, әшекейлей алады.
|
Бұрын алған білімдері
|
Айналамыздағы түстер. 1-сынып.
Ермексаз және полимер балшықтан мүсіндеу тәсілдері. 1-сынып.
Жануарлардың құрылысының ерекшеліктері. 2-сынып. Симметрия дегеніміз не? 3-сынып.
|
Пәнаралық байланыстар
|
Бұл сабақта мына пәндермен байланыс орнайды: жа- ратылыстану, әдебиеттік оқу, музыка. Оқушылар жа- ратылыстану сабақтарында табиғатты бейнелеу бо- йынша меңгергендерін пайдаланады. Шығармашылық
шабыттарын дамыту үшін №2 қосымшадағы өлеңдерді оқиды.
|
Сабақтың барысы
|
Сабақ
кезеңдері
|
Жоспарланған жұмыс түрлері
|
Дереккөздер
|
Сабақ тақырыбына кіріспе
|
Сыныпта жақсы психологиялық ахуал мен шығар- машылық жағдай жасау. Сабақтың басында
сыныпта ақырын музыка ойнап тұрады, ол К. Сен-
Санстың «Жануарлар карнавалы» сюитасынан үзінді болуы мүмкін. Балалар 2-сыныптың
бағдарламасы бойынша жануарлар туралы білетінін (жануарлардың ұқсастықтары мен ерекшеліктері), сондай-ақ 3-сыныпта үйренгендерін еске түсіреді (жануарлар – табиғаттың бір бөлігі, жануарлардың құрылысы симметриялы).
|
К. Сен-Санс
«Жануарлар карнавалы»: Carnival of The Animals Complete Full Version Le Carnaval des AnimauxComplet Camille Saint-Saëns https://www.youtube.
com/watch?v=1L993
|