Оқушыларға қалай қолдау көрсетесіз?
Сабақтың барысында оқушыларды бағалайды: Жарайсың, сен сұрақтарға толық жауап бересің! Сен өте байқампазсың! Сен табиғат
нысандарын жақсы суреттейсің (суретшілер туындыларын)!
Сен тапсырманы жақсы орындауға тырыстың! Сен жұмыстарды талқылауға
белсене қатыстың! және т.б.
|
Бағалау
Сабақта оқушыларды бағалау:
оқушылардың мұғалімнің және оқу- лықтағы сұрақтарға жауабы;
туындылардың реп- родукцияларын сурет- теуі;
жұмысты талдап, талқылауға қатысуы;
жұмыс дәптерінде орындалған тапсыр- малар (жақсы жасалған жұмыстарды ғана
бағалаңыз).
|
Құндылықтармен байланыс Анималист-суретшілер мен пейзажшылардың жұмыс- тарын, жанды табиғат фото- суреттерін көрсетіп, таби- ғатқа, туған өлкеге сүйіс- пеншіліктерін оятып, эсте- тикалық көзқарастарын қа- лыптастыруға септігін тигі- зетін №2 қосымшадағы
өлеңдер мен материалдарды қолданады.
|
Рефлексия. Мұғалім жылдың басында әрбір оқушыға бірнеше смайлик дайындап қояды. Оқушыларды сабақ барысында смайликтермен бағалайды. Мысалы: «Өте қызық!», «Мен көп жаңа нәрсе білдім!», «Мен көп нәрсе үйрендім!», «Маған қиындау болды!», «Мен
бәрін орындап үлгермедім!», «Мұның маған пайдасы бар!» және т.б. Оқушылар сабақтың соңында смайликтерін көрсетеді. Сабақтың қалай өткенін, ең қызықты нәрсе не болды, қандай жаңа нәрсе білгендерін, нені үйренгендерін айтады.
|