Тігіс тігістерінің түрлері және оларды орындау техникасы (инемен алға)
Қазіргідей тігін машинасы жоқ кезде қазақ әйелдері киім-кешек пен көрпе-жастық, тұскиіз бен дастархан, тағы да басқа бұйымдардың барлығын қолмен тіккен. Әсіресе, қолөнер бұйымдарын жасауда қазақ әйелдерінің тігін-тігіс өнері ерекше болды. Киіз үйдің іші-сырты түгел әйелдің қолымен тігіліп әдіптелген.
Сондықтан болса керек, халқымызда тігістің түрлері көп. Оларды қарапайым және көркем тігіс деп екіге бөлуге болады.
Қарапайым тігістерге жөрмеу, көктеу, тепшу, бүрме тігіс, қайып тігу, қабу тігіс, қусыра сызу, өбістіру, тұмаршалап тігу, қосбасарлап тігу, шарбақтап тігу, жара тігу, топшылау тігіс, шалып тігу, бұзау тігіс, шанша тігу, жапсыра тігу, тебе тігу, т.б. түрлерін жатқызуға болады. Және олардың кейбіреулері өз ішінде бірнеше түрге бөлінеді. Бұл тігістерді көркем тігіске негіз болатын тігістер десе де болады.
Көркем тігістерге айқас тігіс, қусыру, бастырып тігу, маржан тігіс, бедерлеп тігу, шаршылау, өткермелеп тігу, сыру, бүгіс тігіс, тышқан із, таңдайлау, қабырға тігіс, керегекөз тігіс, ілмелеп тігу, шалу, торлау деп аталатын және көркем тігіс түрінің алақұрт, сағат бау, шытыра, су тару, ирек түсіру, керегекөз сияқты күрделі тігіс түрлері жатады.
Ескерту! Ине мен жіпті қолданған кездегі қауіпсіздік ережелерін еске түсіріңдер.
Инені арнайы қыстырғышта сақта;
Қайшыны,инені біреуге ұсынғанда ұшын өзіңе қаратып ұста;
Инені аузыңа салма;
Қайшымен қиған кесде, сол қолыңды жаралап алма!
«Инені алға» тігіс әдісн тігу технологиясы.
«Инені алға» - тігістің ең кеңінен таралған түрі. Ол инені соңғы инешаншымнан үнемі алға жылжыта отырып, матаны тесіп өткенде пайда болатын инешаншымдардың үзік – үзік сызығы болып келеді. Инешаншымдардың ұзындығы мен аралығы бірдей болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |