Сабақ және оның құрылымы


Тігістерді тігу (шетінен)



бет73/74
Дата29.12.2023
өлшемі0,73 Mb.
#144805
түріСабақ
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   74
Байланысты:
Жалпы қағаз туралыыыыыыыыыыыыы

Тігістерді тігу (шетінен).
Шет тігістері: жиектеп тігу, бүгіп тігу және жөрмеп тігуге бөлінеді.
Жиектеп тігу: астар матасының қырқындысымен немесе ызбамен орындайды, ол үш түрге бөлінеді: ашық қиықты, жабық қиықты, ызбамен жиектеу. Ашық қиықты жиектеп тігуде матаның негізгі жібіне 45 бұрышпен пішілген 20-25мм ендегі астарлық матамен өңдейді. Жолақша матаның қиындысын пішілген бөлшектің қиығына теңестіреді, негізгі бөлшекке 4мм тігіс енімен біріктіреді. Одан кейін бөлшектің қиығын астармен көмкеріп, екінші тігісті үлгісіне қарай жүргізеді. Бұл тігістер жағаның, өңір қайырмасының ішкі қиығында және ерлер пальтосының төменгі қиықтарын өңдеуге қолданылады.
Жабық қиықты жиектеп тігуде қосымша пішілген ені 30-35мм астарлық мата қолданылады. Бұл тігістің айырмашылығы, ортасынан бүктелген жолақша мен бөлшек қиықтарын теңестіріп, негізгі бөлшекпен 4мм тігіс енімен біріктіреді. Жолақшаны бөлшек қиығын орап көмкергеннен кейін, екінші тігісті жүргізеді. Жабық қиықты жиектеу тігісі жұқа болу үшін жалаң қабат жолақшамен орындауға болады. Жабық қиықты жиектеп тігу әйелдер мен балалар киімдерінде, ақжайма қиықтарын өңдеуде кеңінен қолданады. Ызбамен жиектеп тігу ызба және таспаның көмегімен орындалады. Ызбаның ені 11мм, тігістің дайын күйіндегі ені 5мм. Осы тігістерді әмбебап тігін машинасында орындау үшін арнайы тетік қолданады. Ызбамен жиектеуді өңір қайырмасының ішкі қиығын, әйел жакетінің етегін өңдеуге қолданады.
Бүгіп тігу келесі түрге бөлінеді: ашық қиықты, жабық қиықты, жиектеп бүгіп тігу және астармен қосып тігу. Ашық қиықты бүгіп тігу сетінемейтін жүн матасынан тігілген әйел жакеті мен белдемше, кейбір балалар киімінің етегін өңдегенде және әр түрлі жүн матасынан дайындалған бешпент жағасының жиегін өңдегенде кеңінен қолданылады. Ашық қиықты бүгіп тігу ені 7-4мм, арнайы машинада бүгіп тігеді немесе жапсырып тігеді. Жабық қиықты бүгіп тігуді сетінегіш мата бұйымдарын өңдегенде кеңінен қолданады. Жабық қиықты етек қиықтарын бүгіп тігуде сетінейтін маталардың ішкі қиығын бүгу ені 3-7мм, сыртқы бүгу ені 4-40мм дейін. Жабық қиықты бүгіп тігу әйел пальтосының астар етегінде, ерлер жейдесінің төменгі қиығында немесе ақжайма қиықтарында қолданылады. Бүгу тігісінің ені 3-5мм, ішкі бүгу тігісінің ені 3-5мм. Жібек пен жүн маталарынан өңделетін пальто, белдемше мен көйлектің етегін жабық қиықты бүгіп тігуді шынжырлы бір жіпті жасырын тігісті машинада орындайды. Қалың маталарда сетінеуден сақтау үшін жиектеп бүгіп тігеді. Жиектеп бүгіп тіккен тігіс ені 5-7мм болады. Жиектеп бүгіп тігу әйел жакетінің етегін өңдегенде қолданылып, жиектелген қиығы қайықты тігіспен бекітіледі. Астармен қосып бүгіп тігуді астарлы киімдердің жеңін және бұйымның етегін астармен өңдегенде қолданылады. Бұйымның етегін астармен өңдегенде, жеңді бүгіп тігудегі тігістің ені 7-10 мм болады.
Жөрмеп тігу екі түрге бөлінеді: енмен жөрмеп тігу, әдіппен жөрмеп тігу, (жай және күрделі әдіппен жөрмеп тігу). Енмен жөрмеп тігуді орындау үшін бөлшектердің өң бетіне беттестіріп жиегімен тігіс жүргіземіз. Одан кейін бөлшекті өң бетіне аударады, негізгі бөлшектен 1-3 мм енде шеттік шығарып баса үтіктейді және үлгісіне қарай сәндік тігіс жүргізеді. Жөрмеп тігу ені 5-7 мм, енмен жөрмеп тігу көбінесе жаға, қақпақша жиегін өңдегенде қолданылады. Әдіппен жөрмеп тігу жай және күрделі түрлерге бөлінеді. Ал жай әдіппен жөрмеп тігуді бір тігіспен орындайды. Ол үшін бөлшектің қиығын қайырады, одан кейін оған екінші өлшемнің қиығын өң бет жағымен қояды. Содан соң екінші бөлшек жағынан тігіс жүргізеді, арақашықтығы 3-5 мм, ішкі қайыру сызығы 4-7 мм. Мұндай тігісті әйелдер киімі мен қалта, ілмекті жөрмеп тігуде қолданады. Күрделі әдіппен жөрмеп тігуді екі тігіспен орындайды. Алдымен негізгі бөлшекті екінші бөлшекпен біріктіріп тігісті айыра үтіктейді. Одан кейін екі бөлшекті өң бетіне аударады. Бұл тігісті қалың маталардан дайындалған бұйымдарда, әдіпті қақпақшалы қалталарды тігуде қолданады. Күрделі әдіппен жөрмеп тігуде тігіс ені 4-5 мм, ал әдіп ені 5-15 мм-ге дейін бөлінеді.Шеттік тігістерге жататын тігістер: - жиекті; - қайыру; - әдіпті


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет