Сабақ және оның құрылымы



бет16/74
Дата29.12.2023
өлшемі0,73 Mb.
#144805
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   74
Байланысты:
Жалпы қағаз туралыыыыыыыыыыыыы

Дизайн және оның түрлері.
Дизайн – көркемсурет және сәулет өнерінің өнеркәсіп бұйымдарының ең үздік үлгілерін жасау және заттық ортаны үйлестіру шараларын қамтитын бағытының атауы. Дизайн қызметінің ерекшелігі – әсем әрі көркем жасалған тұтыну заттары мен бұйымдардың қоршаған ортаға лайық үйлесімін жүзеге асырып, ұдайы олардың жаңа үлгілерін ойлап табу.1928 ж. АҚШ-та пайда болды.
Дизайн түрлері:


  • Анимациялық дизайн

  • Сәулет дизайны

  • Веб-дизайны

  • Графикалық дизайн

  • Интерьер дизайны

  • Киім дизайны

  • Ақпараттық дизайн

  • Ландшафтық дизайн

  • Баспа дизайн



Еңбек сабақтарында көркем сөзді қолдану.
«Көркем еңбек» пәнін оқытудың мақсаты – жеке тұлғаның қалыптасуы және өз ойын білдіруінің негізі ретінде, рухани-адамгершілік мәдениетін дамыту, шығармашылық, кеңістіктік-образдық ойлауын, көркемдік-технологиялық білімінің негізін қалыптастыру.
Оқу бағдарламасының мазмұны көркемдік-шығармашылық іс-әрекеттің алуан түрін қарастырады. Сабақта іске асырылатын қөркемдік іс-әрекеттің түрлерін «Көркем еңбек» пәнінің мұғалімі анықтайды. Сонымен бірге міндетті түрде қөркемдік іс-әрекеттің үш түрі жүзеге асырылады: конструктивті, бейнелеу, сәндік.
«Көркем еңбек» пәні бойынша қалыптастырушы бағалау өткізіледі. Пән бойынша білім алушылардың қалыптастырушы бағалау нәтижелері оқушылар мен ата-аналарға берілетін кері байланыс үшін материал болып саналады.
Еңбек сабақтарындағы көркем – дидактикалық ойындар.
Бастауыш сынып оқушыларын еңбек қызметіне дайындау қазіргі мектептің негізгі және өзекті міндеттерінің бірі болып қала береді. Мұндай дайындықтың басталуы оқушылардың еңбекке деген қызығушылығын және белгілі бір еңбек дағдыларын игеру қажеттілігін қалыптастыру болып табылады. Бұл мақсаттың ең сәтті орындалуына дидактикалық ойындар ықпал етеді
«Ойын» ұғымына түсініктеме берсек — бұл адамның мінез-құлқын өзі басқаруымен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізіндегі іс- әрекеттің бір түрі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет