Мақсаты: Оқушыларға графикалық нысандар арқылы фигураларды кірістіру тәсілдері жайлы түсінік беріп, нысанға қалай нүкте, сызық, шеңбер салу тәсілдерінүйретіп, меңгерту.
Түйінді идея: Line (Түзу) және Shape (Фигура) графикалық нысандар
Күтілетін нәтиже: Оқушылар графикалық нысандар арқылы фигураларды кірістіру тәсілдері жайлы біледі, нысанға қалай нүкте, сызық, шеңбер салу тәсілдерін үйреніп, меңгереді.
Ресурстар, көрнекіліктер:Электронды оқулық, оқулық, компьютер
Анимация – суреттердің қозғалысы немесе өзгеруі.
Visual Basic тілі арқылы пішінге кез келген графикалық редакторда салынған суреттерді, дайын суреттерді немесе басқа да кез келген графикалың файлдарды енгізуге болады. Ол үшін пішінге Image немесе Picture Box элементтерін орнатып, керекті файлдардың адресіне сілтеме көрсету керек. Егер пішінге Image батырмасын орналастырып қасиеттер терезесінен Picture батырмасын шертсек, файдар жинағының адрестік диалогтік терезесі пайда болады. Осы жерден файл адресін таңдап алып, Ашу (Открыть) батырмасын шертсек, автоматты түрде файл элементке орналасады, бірақ өлшемдері үлкен болуы мүмкін. Сондықтан биіктігі (Height) мен енін (Width) қасиеттер терезесі арқылы немесе кодтау арқылы өзгертеміз. Пішінге файл кірістіргенде пішіннің екі жағынан айналдыру жолағы пайда болады.