1-тапсырма (Б) «Серпілген сұрақтар» тәсілі бойынша үй тапсырмасын тексеру
1. Материалдық мәдениет дегеніміз не?
2. Қазақ халқының материалдық мәдениетінің басты жетістіктері қандай?
3. Қазақ халқының материалдық мәдениетінің туындылары әлемдік мәдениетте қандай орын алады?
4. Материалдық мәдениеттің қалыптасу кезеңдердерін ата?
5. "Мәдени мұра" мемлекеттiк бағдарламасы туралы» құжатта мәдениетке қатысты қандай мәселелер көтерілген?
Дескриптор
1. Материалдық мәдениет ұғымына анықтама береді.
2. Қазақ халқының материалдық мәдениетінің басты жетістіктерін атайды
3. Қазақ халқының материалдық мәдениетінің туындылары әлемдік мәдениетте алатын орынын көрсетеді
4. Материалдық мәдениеттің қалыптасу тарихын сипаттайды
5."Мәдени мұра" мемлекеттiк бағдарламасы туралы» құжатта мәдениетке қатысты көтерілген мәселелерді атайды
Қ.Б. «екі жұлдыз, бір тілек» (оқушымен оқушы)
1-тапсырма «Миға шабуыл» әдісін қолдану арқылы жаңа тақырыпты ашу. Семенов-Тянь-Шанскийдің цитатасын беріп: "Бұларды (қазақтарды - авт.) оқытудың қажеті жоқ. Салт-дәстүрлері түгел тұнып тұрған білім." Цитатаға байланысты оқушылардың пікірлерін ортаға салып сол арқылы сабақтың тақырыбына шығу.
4.Жаңа тақырыпты енгізу
Дейін, кейін» стратегиясы арқылы жаңа тақырып бастамай тұрып топтардың қай деңгейде екенін айқындау
2-тапсырма «Топтастыру» стратегиясы бойынша топтық жұмыс \БТ\.
1-ші әркет «Топтастыру» стратегиясы бойынша 4 топқа тақырыптар беріліп жұмыс жасатылады.
1-топ –«Әдет-ғұрып»
«Қазақ халқының ұлттық әдет-ғұрыптары»
2-топ – «Рәсім»
«Қазақ халқының дәстүрлі рәсімдері»
3-топ – «Салт-дәстүр»,
«Өмірлік кезеңдерге қатысты салттар»
4-топ – «Діл (менталитет)»
«Қазақ халқына Камел Карпат, Адольф Янушкевич, Николай Ядренцев атақты шетелдіктердің берген бағасы»
Берілген тақырыптарды топ ішінде зерттейді, талқылайды, бір-бірлерімен пікір алмасады, ортақ бір шешімге келеді. 2-ші әрекет «Өкіл» әдісі бойынша мәтінді түсіндіру
Әр топтан бір оқушы қалып, келесі топқа мәтінді таныстырып шығады.