Сабақ жоспары №19 Күні



бет3/3
Дата02.03.2023
өлшемі29,31 Kb.
#71125
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
02,03,2023

5.Жаңа сабақты бекіту

15 мин

Дескриптор.
1.Ұлттық әдет-ғұрып ұғымын анықтап, түрлерін атайды
2. «Рәсім» сөзінің мағынасын түсіндіріп, дәстүрлі рәсімдерді сипаттайды
3. Өмірлік кезеңдерге қатысты салттарды жіктеп, сипаттама береді
4. Қазақ халқы жайлы шетел ғалымдарының пікірлерінен мысал келтіреді (Камел Карпат, Адольф Янушкевич,Николай Ядренцев)
 -қазақ халқының ділі туралы түсінік қалыптастырады.
ҚБ «Плюс, минус, керемет» (оқушы мен оқушы)
3- тапсырма \Ж\. Оқулықтағы мәтінмен жұмыс жасату. Оқушыларды алымы бойынша жұптарға, топтарға топтастырамын.
Тәсілі: «Ойлан, жұптас, талқыла» жұптық жұмыс.
Алымы төмен оқушылар: «Әдет-ғұрып» «рәсім», «салт-дәстүр», «діл (менталитет)» мағынасын қолданып рухани мәдениетке анықтама беріңіз?Алымы орта деңгейдегі оқушылар: көшпелілік өркениет кезеңінен сақталып келе жатқан әдет-ғұрыптар мен рәсімдерді қарастырып мысал келтіріңіз?Орыстың ұлы сыншысы В.Г.Белинский салт-дәстүрдің өміршеңдігі туралы: "Әдет-ғұрып замандар бойы сыннан өтеді. Өз дәуірінде ардақталып, ата-бабадан әулетке мұра болып ауысып, рудан-руға, ұрпактан-ұрпаққа жетеді. Онсыз халық бет-әлпетсіз бейне, болымсыз тас мүсін тәрізді"—деп, салт-дәстүрсіз халықты тас мүсінге ұқсатқан.Осы пікірге көз қарасыңызды білдіріңіз,пікіріңізді дәлелдеңіз.
Дескриптор.
- Мәтінге сүйене отырып «әдет-ғұрып» «рәсім», «салт-дәстүр», «діл (менталитет)» сөздерінің анықтамасын қолдананады;- Көшпелілік өркениет кезеңінен сақталып келе жатқан әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлерді жинақтап, мысал келтіреді- Келтірілген пікірді жақтау нeмeсe жақтамау сeбeптeрін түсіндіру үшін 3 дәлeл кeлтірeді. ҚБ «Шоқ жұлдыз» (оқушы мен оқушы)




6.Сабақты қорытындылау

10 мин

4- тапсырма. Оқушыларға деңгейлік тапсырманы орындату (Жекелей)
1 деңгей - «Әдет-ғұрып» «рәсім», «салт-дәстүр», «діл (менталитет)» мағынасын қолданып, сәйкестендіреді.

 1.Әдет

А. Нышандық мәні бар бірқатар қалыптасқан іс әрекеттер қатары

2. Ғұрып

Б. Адам, топ немесе қоғам қабылдаған мінез құлықтың қалыптасқан бейнесі

3.Діл

В.Ұрпақтан ұрпаққа берілетін және қоғамдық қатынастарды зерттейтін түсініктер мен ғұрыптар жиынтығы

4.Дәстүр

Г. Адамның ақыл ой, мәдени және сезім ұстанымдарының дүниетанымының жиынтығы

 1-Б, 2-А,3-Г, 4-В
2 деңгей – Берілген «әдет-ғұрып» «рәсім», «салт-дәстүр», тақырыбындағы суреттердің арасынан жаңа заман туғызған «әдет-ғұрып», «рәсім», «салт-дәстүр» тауып, құндылығын сипаттаныз.
3 деңгей – «Конверттегі жасырын салт-дәстүр» тәсілі арқылы жасырынған бір дәстүрді таңдап алып, таңдалған дәстүрдің өткен, бүгінгі қолдануын салыстырып болашақтағы қолдану аясының өзгерістеріне болжамын жасап, кесте толтырады.



Салт-дәстүр

Өткен

бүгін

болашақ

1

 

 

 

 

 Дескриптор.
1.«Әдет-ғұрып» «рәсім», «салт-дәстүр», «діл (менталитет)» мағынасын ашып, сәйкестендіреді. 2.  Берілген «әдет-ғұрып» «рәсім», «салт-дәстүр», тақырыбындағы суреттердің арасынан жаңа заман туғызған «әдет-ғұрып», «рәсім», «салт-дәстүр» тауып, құндылығын сипаттайды. 3. Салт-дәстүрдің өткeн 18-21 ғасырлар аралығындағы қолданылуына сипаттама жасайды;
4 болашақтағы қолдану аясына болжам жасайды.




7.Үйге тапсырма

5 мин

«Қазақтың салт-дәстүрлерінің құндылықтары» тақырыбында сұқбат алу





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет