3. Жағымды ой-пікір (дәйексөз)
(3-4 минут)
Біреуді артық, біреуді кем санамай, жұрттың бәрін құрметтей біл.
Лұқпан Хакім
«Біреуді артық, біреуді кем санамай, жұрттың бәрін құрметтей біл» деген сөзді қалай түсінесіздер?
Құрметтеу үшін бойымызда қандай қасиеттер болу керек деп ойлайсыздар?
Мейірімділік, кеңпейілділік, қайырымдылық қасиеттері дегеніміз не?
Дәйексөзді алдымен мұғалім өзі дауыстап оқып, сосын балаларға дауыстап айтуды ұсынады. Келесі кезекте ұл балалар, содан соң қыз балалар қайталап айтады. Дәптерге жаздырады. Мұғалім оқушылардан дәйексөздің мағынасын қалай түсінгендерін сұрайды. Оқушылардың жауаптарын тыңдаған соң мұғалім балалардың жауаптарына сүйене отырып, өзі қорытынды жасайды. Мұнда мұғалім оқушылардың назарына өзіне не тілесең, қандай қарым-қатынас жасасаң, өзгелерге де сондай қарым-қатынас жасау керектігіне мән беру ұсынылады.
|
Оқулық, дәптер
|
4. Оқиғалар айту (әңгімелесу)
(4-8 минут)
|
Мұғалім оқушыларға сый ретінде Бақтыбаева Мөлдірдің «Сүйкімді Ботагөз» әңгімесін айтып береді.
Ботагөз әрқашан сабаққа ерекше дайындықпен келеді.Өзі үнемі терең ой құшағында жүреді. Ұстазының әр сөзін байыппен, ерекше ынтамен тыңдап, іштей қайталап отырады. Бүгін мұғалім ерекше тапсырма берді. Оқушыларға «Алтын балық» ертегісін оқып беріп: «Егер сендер алтын балықты ұстап алсаңдар қандай тілек тілер едіңдер, ойларыңдағы армандарыңды қағазға жазыңдар», - деді. Бүлдіршіндер өз арман, тілектерін қуана күбірлесіп жаза бастайды. Аздаған үзілістен соң оқушылар жазба жұмыстарын оқып берді. Ержасын маған машина керек десе, Жансулу әдемі қуыршақ сұраймын деді. Жансая үлкен үй сыйласын, мен әкеммен және анаммен сол үйде бақытты өмір сүргім келеді деді. Барлық оқушылар өз ойларын жарыса оқып беріп жатты. Тек қана Ботагөз үндемей отырды. Мұны байқаған мұғалім: «Ботагөз, сен алтын балықтан қандай тілек тіледің?» - деп сұрады. Азырақ үнсіздіктен кейін Ботагөз өз жазғанын оқып берді. «Егер де мен, алтын балықты ұстап алсам, ең бірінші анама денсаулық сұрар едім. Анам ауырып қалса, мен қатты уайымдаймын. Содан кейін әкеме, сүйікті тәтеме де, егер де ата-анам қасымда аман-сау болса, қалғанының бәрі болады», - деді. Мұғалім сүйкімді Ботагөзге үлкен сүйіспеншілікпен таңырқай қарады, сыныптастары да үлкен ойға батып кетті.
Сұрақтар:
Мұғалім оқушыларға қандай тапсырма берді?
Ботагөздің бойынан қандай қасиеттерді байқадыңдар?
Егер өзің алтын балық ұстасаң, қандай тілек тілер едің?
Мұғалім оқушылардың жауабынан кейін, мынадай ой тұжырымға келеді: сүйіспеншіліктеріңе жандануға мүмкіндік беріңдер, онымен бөлісіңдер, оны жан-жағыңа таратыңдар, ол өсе берсін! Сүйіспеншілік беру айналаңа күлімдеп қарау, жылы сөйлеу және т.б.
|
https://erketai.kz/ertegiler-alemi/balalarga-arnalgan-angimeler/
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |